Біз Ronald Blue компаниясының тәжірибесін ұсына отырып, жеке
қаржыларыңыз бойынша өзіңізбен бірге ынтымақтасуға дайынбыз. Біздің
мақсатымыз - Құдайдың сізге тапсыратын қаржысын дұрыс қолдануыңызға
көмектесу.
Қаржыны тиімді пайдалану дегеніміз - алға қойған мақсаттарға
ресурстарыңызды және қолда бар ең тиімді әдістерді пайдалана отырып жету.
Экономика белгісіздікке толы болғандықтан, біз кез келген экономикалық
жағдайларда тиімді болатын қаржыны басқарудың қағидаларына сүйенуіміз
керек. Қаржыны қолдануды жоспарлау бес басты қағиданы қарастырудан
басталады:
1. Өзімізде бардың бәрінің түптеп келгенде Құдайдікі екендігін түсіну
керек. Біз тек
Оның бізге тапсырған қаржысын қолданамыз. Бұдан мынадай
үш қорытынды жасауға болады:
- Құдай кез келген уақытта кез келген нәрсемізді ала алады.
- Ақша жұмсау туралы шешімнің әрқайсысы рухани шешім болып табылады.
- Ақшаны дұрыс жұмсап жатырмын деп өзіңді-өзің алдау мүмкін емес.
2. Ұзақ уақытқа арналған қаржылық жоспар жасап, оны қағазға түсіріп алу
керек.
3. Ақша үнемдеудің жоспарын орындау керек.
4. Қарызданудан аулақ болуға тырысу керек.
5. Жатыпішерлікке салынбау керек.
Осы бес қағиданы қолдана отырып, өз қаржымызды қалай тиімді қолдануға
болатынын қарастырайық.