uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
  ruhomirlink omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
jumys1
jumys2
jumys3
jumys4
jumys5
 
 
bizbay1 ch2

ЖҰМЫС

 

Уақыт туралы түсініктер

Уақыт
Адамдардың бәрінде уақыт бар, әйтсе де, ол барлық адамға да жетіспейді.

Телефон
Хатшымен емес, бастықтың өзімен сөйлесемін деп қоймаған адам өзіне керекті мәліметті алуды тездетуден гөрі оны кешеуілдетуі мүмкін.

Жоспарлау
Менеджерлер кейде уақыттарын жұмсағылары келмегендіктен жоспар жасамайды. Бірақ жақсы жоспарлаудың нәтижесінде көп уақыт ұтып алуға болады.

Жедел жұмыс
Менеджерлер (басқарушылар) маңызды жұмыстан гөрі жедел істелуге тиісті жұмысқа көбірек көңіл бөлуге бейім. Сол себепті ұзақ уақытқа арналған бағыт-бағдарға (жоспарға) нұқсан келеді.

Кездесулер
Кешігіп жатырғандарды күту дегеніміз уақытында келгендерге құрмет көрсетпеу деген сөз. Онда келесі кездесуге бүгін уақытында келгендер кешігіп, бүгін кешігіп келгендер одан да көп кешігіп келетін болады.

Жұмысты тапсыру
Менеджер кейде жұмысты тәжірибесі аз қызметкерлерге тапсырмауға тырысады. Алайда тәжірибені осы арқылы ғана жинауға болады.

Ыбырсыған үстел
Көп адамдар бір затты ұмытпау үшін әдейі жұмыс үстелінің үстінде қалдырады. Сосын бұл заттардың өздері жоғалып кетеді немесе шынында да көзге түсіп, адамның назарын өзіне аударады. Бұл жұмысқа кедергі келтіреді.

Мерзімнен тыс жұмыс істеу
Жұмысқа неғұрлым көбірек уақыт жұмсасаңыз, сізге соны бітіруге соғұрлым көбірек уақыт керек болатын сияқты болып көрінеді. Сіз бұдан көбірек шаршап, мерзімінен тыс көбірек жұмыс істеуге мәжбүр боласыз.

Әрекет пен нәтиженің арақатынасы
Менеджерлер кейде әрекет етуді сол әрекеттің нәтижесімен шатастыруға бейім. Яғни оларын алға қойылған мақсатқа емес, сол мақсатқа жету үшін істелетін жұмысқа көбірек назар аударады.

Жұмыстың тиімділігін тиімді жұмыспен шатастыру
Менеджерлер кейде әрекет пен тиімділікті шатастырады. Яғни олар қолға алған жұмыс тиімді ме, жоқ па, сол туралы көп ойланбайды. Олар үшін бастысы жұмысты тиімді орындау. Алайда егер жұмыстың өзі басынан-ақ ешкімге керек болмаған болса, онда оның тиімді орындалғанынан келер пайда жоқ.

Жұмысты бітіру мүмкін емес уақытта бітіруді жоспарлау
Жұмысты бітіру мүмкін емес уақыттың ішінде бітіремін деп жоспарлау пайдалы емес. Адам асыққанда қате жасай бастайды. Оларды кейін түзету керек болады. Ақыр соңында жұмысты орындау үшін бастапқыдан әлдеқайда көп уақыт керек болып шығады.

 

 

ОТБАСЫ

Отбасы мен жұмысты үйлестіре білу

Отбасын асырау

Сүю және мойынсұну

Балалар

 

ДОСТАР

Екі досым

Достық жайлы нақыл сөздер

 

РУХАНИ ӨМІР

Сенім және ғылым

Сүлейменнің нақыл сөздері

Астарлы әңгімелер

 

Өмірден мысалдар

Жақында болады

 
 
 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

Уақытты үнемдеудің 29 тәсілі

1 Өз жұмыс үстеліңізді ыбырсытпаңыз. Қалай болса солай жатқан заттар назарды дұрыс нәрселерге аударға кедергі болады. ((Назарды өзіне тартып отырады.))

2 Уақытты бағалаңыз. Ол да біздің қолымыздағы байлықтың бір түрі.

3 Немен айналысу керектігін күнделікті біліп отыру үшін істелінуге тиісті істердің тізімін жасап отыр.  

4 Мүмкін болған жағдайда жұмысты басқаларға тапсыру керек.

5 Сіз айналысуға тиісті емес жұмыс болса, оны істеуден бас тартыңыз.

6 Табанды болыңыз. Басқалардың сіздің уақытыңызды алып, ысырап етулеріне жол бермеңіз.

7 Жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізге қарап белгілеңіз. Өте қысқа уақыттың ішінде бітіремін деп орындалмайтын уәде беруден аулақ болыңыз.

8 Тек өз жеке басыңызға ғана арналған уақыт бөліңіз. Бұған сіздің хақыңыз бар.

9 Сізбен тіке байланыса алатын адамдарды белгілеңіз. Тек шынында соған мұқтаж адамдарға ғана сондай мүмкіндікті беретін болыңыз.

10 Егер біреу сізбен жолыққысы келсе, одан неге керек болып қалғаныңызды сұрап алып, содан соң ғана онымен кездесуге тұра ма, тұрмай ма, соны шешіңіз.

11 Біреу сізбен кездесуге келгенде, оны орныңыздан тұрып қарсы алыңыз.

12 Адамдарға мейірімді, бірақ уақытты жұмсауға сараң болу керек.

13 Кездесуді кейінге қалдыруды ұсыныс етіңіз. Өз уақытыңызды тиімді қолдана біліңіз.

14 Кездесуді кездесетін адамның кабинетінде өткізіңіз. Сонда СІЗ ӨЗІҢІЗ ҚАЛАҒАН уақытта кете аласыз.

15 Егер сіз орындыққа емес, үстелдің шетіне отырсаңыз, сізбен жолығуға келген адам ұзақ уақыт отырып алмайды.

16 Онша маңызды емес әңгімені кейінге қалдырыңыз.

17 Басқа адамдардың уақытын алмаңыз. Бұл үшін олар сізді құрметтеп, сізге одан да жақсы қарайтын болады.

18 Кездесуді өткізерден бұрын оны қалай өткізетініңізді жоспарлаңыз.

19 Телефонмен сөйлесу керек болғанда, бірнешеуін жинап, біртіндеп телефон соғып шығуға тырысу керек.

20 Талқылағыңыз келетін сұрақтарды жазып алу керек. Сонда оларды азырақ өзгертуге тура келетін болады.

21 Телефонмен сөйлескенде уақыт туралы ұмытпаңыз.

22 Бір жұмысты бітіріп, содан кейін ғана келесі жұмысқа кірісетін болыңыз.

23 Әрбір қағазбен тек бір рет қана жұмыс істеңіз.

24 Басқаларды күтуге, жол жүруге арналған, т.б. уақытты да пайдаланы біліңіз.

25 Бәріне көрінетін жерге сағат іліп қойыңыз.

 

Егер сіздің әкімшілік істер жөнінде ассистентіңіз немесе хатшыңыз болса, онда төмендегі кеңестер сізге пайдалы бола алады:

 

26 Әр күні не істеу керектігі туралы бірге жоспар жасаңыз.

27 Басқа істермен айналысуды хатшыңызға тапсырыңыз.

28 Сізге келген хат-хабарларды алдымен хатшыңыз қарап шықсын.

29 Егер мүмкін болса, телефон қоңырауларына хатшыңыз жауап берсін.