uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

ИСАҒА ДЕГЕН СЕНІМНІҢ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ ҚАНДАЙ?

Солай екен дейік. Онда Исаға деген сенімнің шынайы­лы­ғының дәлелдерін айтып берші. Олар қандай? Кейбі­реу­лер тарихта Иса Мәсіх еш болған емес, Ол ойдан шыға­рылған бейне дегенді айтып жүр ғой.

Құтқарушы Исаның шынымен өмір сүргендігінің ең маңызды айғағы — жиырма жеті жазбадан тұратын, әр­қайсысы Исаның өмірі мен ілімі және Ол бастаған қозғалыс туралы әңгімелейтін Інжіл шариф. Сол жаз­ба­лар­дың алғашқы төртеуі «Ізгі хабар» деп аталып, Иса­ның өмірі мен ілімі жайлы баяндайды. Бұлардың екеуін жаз­ғандар — Исаны өз көзімен көріп, бірнеше жыл бойы Оның қасында жүргендер. Ал қалған екі «Ізгі хабар» бәрін көздерімен көрген куәлардың баяндап айтқан­да­ры­нан жинақталып, құрастырылып жазылған. Осы құжат­тар Исаның өмірі мен іс-әрекеттерінің бұлтартпас дәлел­­дері.

Дегенмен, Исаның өмірі жайлы бұлардан басқа да тарихи айғақтар бар; Исаның жолына түспеген яҺуди тарихшысы Иосиф (Жүсіп) Флавий де «ЯҺудилердің көне тарихы» деген еңбегінде Иса туралы жазып қалдырған. Рим империясының Иса тұрған өлкесін билеген әмірші Понти Пилаттың дәуірін суреттей келіп, Иосиф Флавий (18 томының 3 тарауында) былай деп жазады:

«Ал сол кездің шамасында аса данышпан адам Иса өмір сүрді — егер оны адам деп атау орынды болса, себебі ол керемет істер жасап жүрді. Ол шын­дық­ты қуана қабылдағандардың Ұстазы болып, көптеген яҺуди­лер мен гректерді өзіне тартып отырды. Ол — Мәсіх (Құтқарушы Патша) еді. Арамыздағы басты адамдар­дың ұсынысымен Пилат оны айқыш ағашқа керіп шегелеп тастауға үкім шығарғаннан кейін Исаны алғашқыда сүйгендер одан бас тартқан жоқ. Себебі ол үшінші күні қайта тіріліп, оларға көрінді. Құдайдың пайғамбарлары ол туралы мұны да, басқа да он мыңдаған ғажап оқи­ға­ларды алдын ала айтып кеткен болатын. Күні бүгінге дейін өздерін соның атымен мәсіхшілер руы (қауымы) деп атап жүргендер бар».

Иосиф Флавий осы «Көне тарихын» біздің заманы­мыз­дың бірінші ғасырының аяғында жазып, Рим импера­то­ры Домицианның билік құруының 13-ші жылы (б.з. 93-94 ж.) аяқтады. Бұл шығарма — көне еврей тарихы туралы негізгі мәлімет көздерінің бірі.

Сонымен қатар, Неронның билік құруын сипаттаған, Римнің басқа бір тарихшысы — Корнелий Тацит те Иса және Римде тұратын мәсіхшілер туралы айтып өтеді. (Жылнамалар, (Жылнамалар, ХI, 44, шамамен б.з. 112 ж. жазылған). Римнің тағы бір тарихшысы — Светоний де б.з. 120 жыл­дары жазылған кітабында Иса және Оның жолы­мен жүретіндер туралы айта кетеді. (Клавдийдің өмірі, 25.4). Рим тарихшысы Кіші Плиний де Иса туралы б.з. 112 жылы жазған (Хаттар, I, 96).

Інжіл шарифтегі «Ізгі хабарлардың» бірін жазып қал­дырған елші Лұқа болған оқиғаларды ерекше мұқият баяндаған тарихшы болған. Лұқа Иса Мәсіхтің өмірін сипаттап жазуда ерекше тәптіштеп зерттелген тарихи деректерге сүйенемін деп құрметті досын сендіріп, былай деп жаза бастайды:

«Қадірлі Теофил! Ізгі хабарды уағыздаушылар ара­мыз­да әбден белгілі болған оқиға­ларды басынан бастап өз көздерімен көріп, бізге қалай айтып жеткізсе, дәл солай әңгі­мелеп беруге көп адамдар кірісіп кетті. Олар іспетті мен де өзіңіз үйрен­ген осы ілімнің берік негі­зі­не әбден көз жеткізуіңіз үшін бәрін басы­нан бастап ұқып­ты зерт­теп, рет-ретімен жазып бер­сем игі бо­лар еді деп ұйғардым» (Лұқа 1:1-4).

Лұқа Исаның істерін сипаттай бастағанда, олардың қандай тарихи заманда болғанын атап көрсетеді:

«Рим патшасы Тіберидің билік құрғанынан кейінгі он бесінші жылында, ЯҺудея аймағын Понти Пилат билеп, Ирод Антипас — Ғалилея аймағының әкімі, оның бауыры Філіп — Итурея мен Трахонит аймақтарының әкімі, Лүсани — Абілине аймағының әкімі, ал Ханна мен Қаяфа — басты діни қызметкерлер болып тұрды (Лұқа 3:1-2). (Осындағы Итурея, Трахонит және Абілене — бүгінгі Ливан мен Сирия елдеріндегі аймақтар.)

Исаның өмірі мен ілімі туралы «Ізгі хабар» деген өзге үш баяндамаларда да айқын тарихи сілтемелер бар. Оларды тарихи деректерді қадірлейтін кісілер жазған. Бұл жазушылардың екеуі — Матай мен Жохан Иса­ның жер бетіндегі қызметі кезінде Оның шәкірттері болған. Ал Марқа болса, Исаның басқа бір шәкірті — Петірдің жақын досы болатын. Інжіл шарифте Петірдің өзі жаз­ған екі хаты да бар. Біз жоғарыда айтып кеткен Лұқа елші де Петірмен және Мәсіхтің бірнеше өзге шәкірт­терімен бірталай уақыт өткізіп, олардың Исамен бірге жүргенде Одан көріп-естігендерін тәптіштеп жазып қал­дырды. Лұқа, сондай-ақ, Иса Мәсіхтің өмірі мен ілімі­мен қатар, Оның ең жақын ізбасарлары мен солардың шәкірттерінің өмірі мен қызметі туралы Інжіл шариф­тегі «Елшілердің істері» деген баяндаманы да жазып қал­дырды.

Сондықтан бізде Исаның шынымен өмір сүргендігі туралы бұлтартпас тарихи дәлелдер бар. Көне тарих­та­ғы көптеген басқа кең танымал тұлғалармен салыстыр­ған­да, Иса Мәсіхтің өмірі мен ілімі жайлы шынында да әлдеқайда көбірек білеміз.

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу