uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

ИСА ШЫНЫМЕН КІМ ЕДІ?

Жақсы, Иса Мәсіх өмір сүрді дейік. Бірақ мен сенің Иса — Құдайдың рухани Ұлы деген пікіріңе неге сенуім керек? Мен Оған дүниеге адамгершілік туралы ұлы ілім қалдырған ізгіліктің уағыздаушысы деп қараймын.

Мұрат, мынаны ұмытпағаның жақсы: бұндағы «Құдай­дың Ұлы» яки «рухани ұлы» деген атақ табиғи туу арқылы пайда болған тәндік туыстықты емес, Иса мен Құдай арасындағы ерекше рухани байланысты бейне­лей­ді. Ендеше Исаны адамгершіліктің ұлы уағыздау­шы­сы деп қарайық. Ал мұндай ізгі жандар өтірікке үйретпейді ғой, солай емес пе? Олар қолынан келмей­тін нәрсені істей аламын деп те адамдарды алдамайды, бұнымен келісесің бе? Сонымен қатар, олар бір ұлы нәрсеге, мысалы, өзін Құдай сияқтымын деуге таласып, негізсіз мәлімдемелерді де жасамайды, рас емес пе?

Иә, рас. Иса осының бәрін айтып па еді?

Әрине, Ол бұлардың бәрін айтқан. Исаның кезінде яҺудилер Құдай туралы айтқанда басқа сөздермен қатар «Әке» деген есімді де қолданған. Бүгін де яҺуди дінін ұстанушылар мен Исаның жолымен жүргендер Оны солай деп атайды. Бір күні Філіп деген бір шәкірті Иса­дан: «Мырзам, бізге Әкені көрсетіңіз», — деп өтінді. Иса оған былай деп жауап берді: «Мен көптен бері қас­тарыңдамын, сонда да Мені шынымен білген жоқсың ба, Філіп? Кім Мені көрсе, соның Әкені де көргені. Бізге Әкені көрсетіңіз деп неге айтасың? Ме­нің Әкем­мен, Әкемнің Менімен тығыз байла­ныс­та екенімізге сен­бей­сің бе? Сен­дер­ге айтып жүрген сөздерім Өзімдікі емес, Әкемдікі. Сол сияқты Менімен тығыз бай­ланыс­тағы Әкем Өзінің істерін де Мен арқылы істеп жатыр. Менің Әкем­мен, Әкемнің Менімен тығыз байланыста екені­міз­ге сеніңдер! Әйт­пе­се істеген керемет­тері­ме сүйеніп Маған сеніңдер» (Жохан 14:8-11).

Басқа бір жолы Иса шәкірттеріне көктегі Әкесінің оларға деген рақымдылығын түсіндіріп, сөзін былай деп бітірді: «Әкем Екеуіміз біртұтаспыз». ЯҺуди басшы­лары Исаның нені айтып тұрғанын толық түсінді. Себебі Ол осы сөздерімен «Менің болмысым — құдайлық болмыс» дегенді білдірді. ЯҺудилер үшін бұл сөздер Құдайды қорлаумен бірдей еді. Сондықтан Оны сол үшін жаза­ламақ болып, тас лақтырып өлтіру үшін жерден тас алды. Иса оларға: «Көз алдарыңда Әкем тапсырған көп игі істер істедім. Солардың қайсысына бола Мені тас лақтырып өлтірмексіңдер?» — деп сұрақ қойды. Діндар яҺудилер: «Сені игі ісің үшін емес, Құдайды қорла­ғаның үшін тас лақтырып өлтірмекпіз. Сен адам бола тұра, Өзіңнен Құдай жасағың келеді!» — деп кінәлады (Жохан 10:30-33).

Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбаларының түп­нұс­қасында Құдайдың ең жиі қолданылатын аты «ЯҺуә» еді. Көне еврей тілінен сөзбе-сөз аударғанда бұл «(Мәңгі) Бар Болушы» яки «Жаратқан» дегенді білдіреді. Осы есім Құдайдың мәңгілік бар болып келгенін және Оның барлық нәрселердің де «алғашқы себебі» екенін білді­реді. Құдайдың «(Мәңгі) Бар Болушы» яки «Жаратқан Ие» деген бұл есімі Өзінің бар екендігімен бірге Оның ешкімге міндетті еместігін білдіреді, Ол ешбір нәрсе­нің салдары емес, керісінше, Өзі — барлық нәрселердің де алғашқы себебі (Мысырдан көшу 3:13-15).

Замандас яҺудилермен қатар Исаның Өзі де Құдай­дың осы есімімен жақсы таныс болатын. Ол яҺуди басшы­ларына былай деді: «Түп аталарың Ыбырайым Менің дүниеге келетін күнімді көретініне шаттанды; ол сол күнді көріп, қуанды да». Бұған яҺудилер былай деді: «Сен әлі елуге де келген жоқсың, Ыбырайымды көрдім дейсің бе?» Иса оларға: «Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Ыбырайым тумастан бұрын да (Мәңгі) Бар Болушы Менмін», — деді (Жохан 8:56-58). Өзі мен Ыбырайымның арасындағы айырмашылықты анықтап көрсеткенін байқадың ба? Иса Ыбырайым «туды» деп тұр, яғни оның жер бетінде болғаны оның тууымен және өлімімен шектелген. Ал Иса Өзі туралы: «(Мәңгі) Бар Болушымын» деді, яғни Ол жай ғана бол­ған емес, немесе болады емес, әрқашан да бар болған және бола береді. Бұған яҺудилер не деп жауап берген? «Сонда олар ашуланып, Оны тас лақтырып өлтіру үшін жерден тас алды» (Жохан 8:59).

Өзінің Құдайдың рухани Ұлы екендігін Исаның Өзі ғана айтып қойған емес, Оның шәкірттері де соған сен­ген. Елші Жохан — Исаның ең жақын шәкірттерінің бірі. Жохан өзінің «Ізгі хабарының» бірінші аятында-ақ Исаны Құдай деп атайды. Әріректе Жохан Исаның және бір шәкірті Томаның сөзін келтіреді, ол да Исаны Құдай деп атайды (Жохан 20:28). Оның тағы бір жақын шәкіртіПетір Оны өзінің екінші хатының алғашқы аятында Құдай деп атайды (Петір. 2-хаты 1:1). Елші Пауыл да Тит есімді қызметтес серігіне жазған хатын­да Исаны Құдай деп атайды (Тит. хат 2:13).

Ербол-ау, бұлар осының бәрі шындық дегеннің дәлелі емес қой. Егер біреу өзін Құдаймын десе, бұл оның шынында да Құдай екенін білдірмейді.

Дұрыс айтасың, Мұрат. Ал сен не ұсына аласың? Иса­ның «Құдаймын» деп айтқанын білеміз. Егер Ол Құдай болмаса, Оның бұл талабын қалай түсіндіре ала­мыз?

Мысалы, алдау деп түсіндіре аламыз.

Исаны өтірікші болды дейсің бе? Ол әрдайым өтірік­ті айыптайтын. Тіпті психологиялық тұрғыдан қарағанда да, өтірікті ымырасыз және табандылықпен айыптап жүр­ген Оның Өзі өтірікші болды деу қисынсыз. Бұған қоса, Ол жұртты әдейі алдап жүрген деген ойдың өзі Оның мінезімен мүлде үйлеспейді. Иса балаларды жақ­сы көрді. Оларға көмектесу үшін, Өзінің маңызды шаруа­сын тастай салатын. Иса адамдарды ауруларынан сауық­тырушы еді. Олардың басқа қиын жағдайларында да көмектесіп, ашыққандарды тамақтандырды. Иса адам­дар­ды бір-бірін сүîге шақырып, бұны қалай істеу керек екенін оларға айтатын. Осындай Адамды, оның үстіне құдайлық қасиетке үміткер болып жүрсе, өтірікші болды деп ойлаудың өзі қисынсыз.

Мүмкін, Ол Өзінің алдауын ұғынбаған шығар. Адам өзін шынымен біреумін немесе бір нәрсемін деп есептеп жүретін қиялилықтың түрі болады.

Мұрат, сонда Оны есі ауысқан деп ойлайсың ба? Бұл болжам да Ол туралы білетінімізбен мүлде үйлеспейді. Оның адам психологиясы жайлы, барға қанағат ету, риза­шылық білдіру, басқаларға қызмет ету және бақыт­қа жету жолы туралы ілімдері психологтардың көпші­лігіне түгелдей түсінікті, дұрыс әрі ақылға қонымды. Егер адамдар Оның «Таудағы уағызында» берген өсиет­терін (Матай 5-7) ұстанса, онда олардың өмірлері әлде­қайда бақыттырақ, рухани сау болады.

Белгілі жазушы және ғалым Клайв С. Льюис көп жыл­дар бойы алдымен атеист, содан кейін агностик болып жүріп, соңында Мәсіхтің жолына түсті. Сол кезде ол Англиядағы Кембридж және Оксфорд университет­терінде Орта ғасыр әдебиеті мен пәлсапасының профес­соры болатын. Өзінің «Нағыз мәсіхшілік» деген кіта­бын­да ол екеуіміз әңгіме етіп отырған мәселені былай деп баса айтқан:

«Иса жайында «Оны адамгершіліктің ұлы ұстазы деп қабылдауға дайынмын, бірақ Оның Құдаймын дегенін қабылдамаймын» деп айтылғанды жиі естуге тура келіп жүр. Осы сияқты түкке тұрмайтын ақымақтықты айту­шы­лардың жолын кесуге тырысудамын. Себебі бұл — айтуға болмайтын бірден-бір нәрсе. Қарапайым көптің бірі бола тұра, Исаның айтқандарын айтып жүрген әркімді адамгершіліктің ұлы ұстазы деп тіпті де атауға болмайды. Ол — не өзін «қуырылған жұмыртқамын» деп жүрген есі ауысқан біреу, не тозақтың әзәзілі. Бұл Кісі немесе Құдайдың (рухани) Ұлы болған және қазір де солай, немесе есі ауысқан яки одан әрмен бейшара біреу».

Әлбетте, айналып келгенде сен өзің шешім қабыл­дау­ға тиіссің. Исаның шын мәнінде кім болғанын — өтірікші ме, есі ауысқан біреу ме, немесе Өзін адам болып дүниеге келген Құдаймын деп жүрген кісі ме — осыны анықтайтын бір-ақ мүмкіндігің бар. Мұны Інжіл шарифтегі төрт Ізгі хабарды оқи отырып, Оның Өзімен танысқанда біле аласың. Солардың, тым болмаса, біреуін оқып шық, сөйтіп Иса жөнінде анық хабардар боласың. Содан кейін Ол өтірікші ме, ақымақ па, немесе Құдай ма, соны өзің тұжырымда.

Мүмкін, Иса Құдай орнына үміткер болмаған да шығар, бұл Інжіл шарифті жазғандардың ойдан шығарғаны болар? Исаның өмірі мен ілімі туралы олардың әңгімелері дәл шындыққа сай келмесе, қайтеміз?

Негізінде мұндай мүмкіндікті жоққа шығаруға бол­майды, алайда барлық мәліметтер бұған қарсы болып тұр.

Біріншіден, Исаның заманындағы Таяу Шығысты арнайы зерттеп жүрген археологтар мен тарихшылар (араларында Құдайға сенушілер де, сенбейтіндер де бол­ған) барған сайын Інжіл шариф тарихи материал­дар­дың өте сенімді жинағы екеніне көз жеткізуде. Інжіл шарифте бір оқиға туралы мәлімет берілсе, сол ғалым­дар оның шынында да болғанын тауып отыр.

Исаның Өзі туралы айтқандарын шәкірттерінің ойдан шығармағандықтарының тағы бір дәлелі бар: Оның (ел­шілер деп аталған) ең жақын он екі шәкіртінің он бірін қудалаушылар аса қорқынышты азаппен өлтірді. Себебі олар Исаға деген сенімдерінен, Оның қайта тірілгенін, Құдай екендігін уағыздаудан бас тартпады. Он екінші елші Жоханды мәсіхшілерге қарсы шыққан билеу­ші­лер қартайған шағында өз елінен жер аудартты. Ол да Мәсіхке деген сенімінен бас тартқан жоқ. Осы кісі­лер­дің бәрі қатты қуғынға ұшыраса да, сенімдерінен тай­ған емес.

Адамдар өздері жалған деп есептеген нәрсе үшін өлім­ге бармайды ғой. Мейлінше күмәнсыз шындық деп сенгендері үшін ғана жандарын қияды. Елшілер өз­де­рін Исаның қайта тірілуіне куәмыз деген. Олар Оның бер­ген тәлімін өз құлағымен естіп, адамдарды жаман­дық­тың құлдығынан азат ету үшін Құдайдың жібер­ген­ді­гі­не көздері жетті. Елшілердің Иса туралы өтірік айтуы ықти­мал деп жорамалдаудың өзі қисынсыз.

Ақыр соңында, Иса Өзін кіммін десе, шынында да Сол болғандығының тағы бір дәлелін айта кетейік: Өзі­нің өліп, қайта тірілетінін Ол алдын ала айтқан және бұл керемет — Оның Өзі туралы айтқандарының бәрі­нің шын екендігінің ең басты дәлелі. Исаның қайта тірілуі — Оның құдайлық қасиетінің және барлық мәсіхшілік ілімнің шынайы екендігінің ең салиқалы дәлелі.

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу