uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

АЛ ЕГЕР БҰНЫ ШӘКІРТТЕРДІҢ ӨЗДЕРІ ОЙЛАП ТАПСА ШЕ?

Ербол, мұның бәрін майын тамызып, келістіріп айтып отырсың. Алайда шәкірттердің бәрі де Исаның ең жақын достары емес пе еді? Осы әңгімені олардың өздері бас­тан-аяқ ойлап шығармағанына кім кепіл?

Мейлі, Мұрат. Сондай мүмкіндік те болар еді. Бірақ біз әңгімемізде ойдан шыққан жай мүмкіндіктерді емес, сенімді дәлелдерді ғана қарастырмаймыз ба? Ғылыми қағидаларға сүйенетін адамның санасы беталды лаға бер­мей, тек сенімді дәлелдер мен шынымен ықтимал бол­ған оқиғалардың нұсқап жатқан жағына қарай жыл­жиды емес пе?

Шәкірттері осының бәрін ойлап шығарды деген мүм­кін­дікті елестетуге болса да, оның ықтималдығы жоқ­тың қасы. Біріншіден, шәкірттер Исаның Өзінің қайта тірі­летіндігі туралы алдын ала айтқан сөздерінің мағы­на­сы өздерінің ой-санасынан тыс қалғанын мойындайды. Олар Исаның қайта тірілетіндігіне сене қоймаған екен, Ол қайта тірілді деп оларға ойдан хабар шығарып не бар? Екіншіден, бұрынырақ айтып өткеніміздей, бір жайт­­тың өтірік екенін біле тұра, сол өтірік үшін жанын қия­тын есі түзу адам болмайды.

Шәкірттер осы оқиғаны ойдан шығармағандығының үшінші дәлелі де бар. Яһуди басшылары Исаны мойын­даудан бас тартқан еді ғой? Шәкірттер Иса өлімнен қайта тірілді деп Иерусалим мен оның атырабында жария­лай бастағанда, яһуди басшылары Исаның денесін қабірден қайта шығарып алып, оны бүкіл халықка көрсетіп, осы «жалған қауесеттің» тамырына балта шаппас па еді?

Төртінші дәлел де келтіруге болады. Елшілердің бірі — Пауыл Исаның жолына түскен алғашқы елшілердің қатарында болған жоқ. Керісінше, Иса өліп, қайта тіріл­геннен кейінгі алғашқы жылдары Пауыл (сол кезде оны көбіне Саул деп атайтын) Исаның жолына түскен адам­дарды аямай қудалап, біреулерін түрмеге жауып, басқа­ларының көзін құртып жүрді. Бұл кезде Исаға сену­ші­лер­дің ең қауіпті де ымырасыз жауы сол болатын.

Бірақ бір нәрсе Саулды да аяқ астынан өзгертті. Ол Исаның жолымен жүргендерді қудалау үшін Дамаск қаласына бара жатқанда, «оған көк­тен түскен бір жарық кенет­тен нұ­рын төгіп жібер­ді. Саул жерге құлап түсіп:

— Саул, Саул! Неге Мені қудалайсың? — деген дауыс­­­ты есті­ді. Саул:

— Сен кімсің, Ием? — деп сұрады. Ол:

— Мен сен қудалап жүрген Исамын! Тұр да, қала­ға бар! Не істеуге тиіс екенің саған сол жерде айты­ла­ды! — деді» (Елшілер. істері 9:3-6).

Осы оқиғаның салдарынан Саулдың көзі көрмей қалады. үш күн өткен соң Дамаскідегі сенушілердің бірі, Анания, оған келіп, көру қабілетін қайтарып береді. Сол оқиғадан кейін Пауыл ең табанды да қайратты сену­шіге айналып, Исаның елшісі ретінде Ізгі хабарды Рим империясының түрлі аймақтарына тарата бастады. Пауыл Иса үшін адам айтқысыз азаптарға төзіп, басынан небір кудалауларды өткізді. Ақыры, Құдай жолында шейіт болып жанын қиды. Мұның бірден-бір себебі Пауыл­дың өлімнен қайта тірілген Исаны өз көзімен көріп, Оның елшісі болуға тағайындалғаны туралы талмай куә­лік бергені болды.

Жазған хаттарының бірінде Пауыл Мәсіхтің қайта тірілгендігінің дәлелдерін былай деп атап шығады: «Менің қабылдап алып, сендерге жеткізген ең бас­ты хабарым мынау болды: Киелі жазбаларда алдын ала айтыл­ған­дай, Мәсіх біздің күнәларымыздың құнын өтеу үшін жанын қиды. Осы жазбалардың тағы алдын ала айтып кетке­нін­дей, Мәсіх қабір­ге қойы­лып, үшінші күні қайта тірілді. Ол Кефаға (яғни Петір­ге), содан кейін он екі елшінің бәріне көрінді. Мұнан соң Оны бес жүзден аса бауыр­лас­тары­мыз да бір мезгілде өз көздері­мен көрді: олар­дың көпшілігі әлі тірі, біразы ғана қай­тыс бол­ды. Содан кейін Мәсіх Жақыпқа, сондай-ақ бар­лық елші­леріне көрінді.

Бәрінен кейін, дер кезінде жаңа өмірге дайын бол­ма­ған мен де Мәсіхті көзім­мен көрдім. Елші­лердің ішін­дегі ең лайық­сызымын, елші деп аталуға да тұрмай­мын, себебі мен Құдайдың қауымын қуғын­дадым. Бірақ та Құдайдың рақы­мы­мен қазір қандай болсам, сондай бол­дым. Оның рақымы бой­ымда бекер болған да емес. Қайта, басқалардың барлығы­нан көп еңбек еттім, ал шын мәні­сінде мен өзім емес, маған жар болған Құдайдың рақымы еңбек­тенді» (Қорынт. 1-хат 15:3-10).

Көріп отырсың, Иса қайта тірілді дегенді шәкірттері ойлап шығарды деген уәж қисынсыз. Өз басым бұндай әлсіз дәлелге емес, жаңа ғана айтылған күшті дәлел­дер­ге сенуді құп көремін.

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу