uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

ДІНДЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ ДА БІР НӘРСЕНІ ҮЙРЕТПЕЙ МЕ?

Ербол, сен Құдайға жетелейтін жалғыз жол — Иса дейсің бе? Бірақ басқа діндердің барлығы да негізінде бір нәрсені үйретпей ме?

Исаның Құдайға апаратын жалғыз жол екенін мен емес, Киелі кітап үйретеді.

Білесің бе, дін дегеніміз — негізінде дұрыс өмір сүру туралы пәлсапа, сол дінді ұстанатын адамдарға бері­ле­тін тәлім, солар дұрыс деп санайтын ережелердің жиын­ты­ғы. Киелі кітап та бізге дұрыс өмір сүру туралы тәлім бере­ді, бірақ ол нақты айтады, осымен шектеліп қал­май­ды. Киелі кітап адамның күнәкар екенін, яғни Құдай­дан толық ажырағанын ашық білдіреді. Адам осы күй­де болғанда Құдаймен байланысы үзіліп, Ол сыйламақ болған игіліктерден жұрдай қалады. Құдаймен ізгі қарым-қатынасқа түсудің жалғыз жолы — Исаға сеніп мойын­сұну. Адам соған келіссе, онда күллі күнәлары кешіріліп, Құдай алдында ақталады. Басқа ешбір дін Иса туралы бұндай нәрселерді үйретпейді.

Ендеше тек Киелі кітаптағы тәлімнің дұрыс екен­ді­гін қалай дәлелдейсің?

Бұл үшін барлық діндердің беретін тәлімдерін салыс­тырып, қайсысының қисынды болып, дүниені дұрыс сипаттайтынына қарау керек. Бұл тым ұзақ жол, деген­мен одан қысқасы бар.

Киелі кітаптағы тәлімнің ақиқаттығы туралы айғақ­тар бар. Егер осы айғақтар Киелі кітаптың тәлімінің шынайы екенін дәлелдей алса және сен оның қағида­ла­рының арасында қарама-қайшылық жоқ екендігіне көз жеткізсең, онда бұл тәлімнің шындыққа сәйкестігін көре аласың. Ал одан кейін іс оңайланады: енді шындыққа үйлеспейтін нәрсе жалған деген қағидаға сүйенуге бола­ды. Ежелгі пәлсапашы Аристотель «логикадағы қарама-қайшылық заңы» деп атаған заңның бір қарапайым қол­данысы осындай болып табылады: бір-бірін жоққа шығаратын екі пікірдің екеуі бірдей дұрыс бола алмай­ды (немесе біреуі дұрыс, екіншісі бұрыс немесе екеуі де бұрыс болады).

Бұл маған басқа діндерге деген төзбеушілік болып көрінеді. Сендер неге басқа діндерге төзбейсіңдер?

Бұл төзбеушілікке жатпайды. Құдайға қалай сену не­месе мүлдем сенбеу — әркімнің жеке басының ісі. Адамдарды күштеп сендіру — Киелі кітаптың игілікті тәліміне қарама-қарсы.

Бірақ сен тек Киелі кітаптың тәлімі ғана дұрыс дей­сің. Бұл тозбеушілік емей не?

«Екіге екіні қосса төрттен басқа ештеңе болмайды» деу де төзбеушілік пе? Төзушілік дегеніміз шындықты емес, мүмкіндік беруді білдіреді. Мәсіхке сенушілер басқа адамдарға өздері қалаған нәрселерге сенуге жол береді. Олар саған тек «кейбір ілімдер бұрыс, ал басқа­лар­ды дұрыс» дейді.

Ал кейбір басқа діндер Киелі кітаптың тәліміне сәй­кес келмей ме? Естуім бойынша, өзге діндерді ұстанған­дар­дың бірсыпырасы Киелі кітаптың ілімін жоғары баға­лап, соны ашық мойындаған.

Иә, келісемін, түрлі діндерді ұстанған адамдар шынын­да да Киелі кітапты қастерлеп, оның көп ілімдерін ұстан­ған. Алайда мұндайлар Киелі кітаптың өзекті тәлім­дерін (мысалы, Құдайдың Үшбірлігін және Иса­ның құр­бандық өлімін) қабылдамаған. Сондықтан, оларды Исаға сеніп мойынсұну арқылы Құдай алдында ақтал­ды деуге аузым бармайды.

Неге мен басқа діни кітаптардың емес, Киелі кітап­тың Иса туралы үйреткеніне сенуім керек?

Киелі кітаптағы Иса туралы тәлімнің барлығы Иса­ның Өзі немесе Оның ең жақын шәкірттері айтқан сөз­дерге негізделген. Ал кейінгі дінбасылар болса, Иса туралы бірнеше ғасырлар өткеннен кейін ғана сөз қозғады. Ендеше қай кітапқа көбірек сенуге болады?

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу