uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

ЕНДЕШЕ СЕНУШІЛЕР НЕГЕ ДҮНИЕНІҢ КӨПШІЛІГІ ЕМЕС?

Ербол, бұл айтқандарың маған түсінікті. Бірақ мынаны айтшы: егер Құдайға сенудің дұрыстығын дәлелдейтін деректер сен айтқандай сондай көп болса және сенім­нің өзі сондай жақсы нәрсе болса, онда неге сенушілердің саны сондай аз?

Мұны неге сұрадың?

Егер Киелі кітаптың тәлімі шынымен ақиқат болса, онда оған өте көп адам сенуі керек қой.

Оған сенетіндердің саны саған әсер ете ме сонда?     Сенер-сенбесіңді соған қарап анықтар ма едің?

Бұл менің шешіміме қатты әсер етер еді.

Мұрат, Алайда бұның дұрыс емес, олай болмауы керек!

Неге?

Себебі шындықты дауыс беру арқылы анықтауға бол­майды. Біз шындықтың нағыз ақиқат екеніне соған сенетін адамдарды санап емес, дәлел келтіріп, қисынға жүгініп көз жеткіземіз. Бұрын бүкіл адамзат жерді шар тәріздес емес, жалпақ шеңбер екен деп ойлайтын еді. Ал жер бұдан жалпақ шеңбер болып кетті ме?

Әрине, жоқ.

Олай болса, бір нәрсеге сенетін не сенбейтін адам­дар­дың саны соның ақиқат-жалғандығын анықтамайды.

Жарайды, солай-ақ болсын. Бірақ маған бәрібір қызық — Киелі кітаптың тәлімін ұстанушылар дүниеде неге соншама аз?

Ербол, ендеше алдымен, санақ жүргізіп көрейік. Киелі кітапты ұстанушылар сен ойлайтындай аз болмай шығуы мүмкін.

Әрине, өздерін белгілі бір дін жолын ұстанушы­лар­мыз дегендердің бәрі бірдей соны шын жүректен істе­мей ме, жоқ па, мұны нық айта алмаймыз. Дүние жүзі халқының шамамен үштен бірі, яки 32 пайызы, өздерін Исаның жолымен жүретіндерміз дейді. Одан кейінгі орынды мұсылмандық алады, оны дүние жүзі халқы­ның 17 пайызы ұстанады. Одан кейінгі үшінші орынды енді діні (индуизм) алады — 13 пайыз, буддашылық пен даошылық — 8, конфуцийшілік — 5, рухтарға сиыну (анимизм) — 3, ал басқа діндер — 2 пайыз. Дүние жүзі халқының қалған 20 пайызы өздерін ешқандай дінге жат­қызбайды. Осылай­ша біз Исаның жолын ұстану­шы­лардың қауымдары дүние­де ең көп тараған сенім жолы екенін көріп отырмыз.

Бірақ дүниенің үштен екісі өздерін Исаның жолы­мен жүрушілерміз деп атамайды, атайтындарының да бәрі бірдей сондай емес. Шынымен Исаның ізбасары болу үшін адам жеке өзі Исаға Құтқарушы Ием деп сеніп, өзін Оған бағыштауы керек. Сонымен адамдар неліктен Исаның жолына көбірек түскен жоқ деп сұрасақ, соның бірнеше себебі бар.

Мысалы, көп адамдар Исаның жолы туралы әлі де дұрыс естімеген. Сондықтан олардың бұл жолда емес­тігіне таңғалуға болмайды. Ал кейбір басқа адамдарға Исаның жолы тым қарапайым болып көрінеді. Құдай­мен татуласу үшін адам Исаға Ием және Құтқарушым деп мойындаса жетіп жатыр дегенді олар қабылда­май­ды. Оның жолымен жүргісі келетін адам жас баладай кіші­пейіл болу қажет деп Иса үйретсе де, олар Құдайдың кешіріміне еңбек сіңіріп жеткілері келеді. Ал Киелі кітап адам құтқарылуға еңбек пен игі істер арқылы емес, Құдайдың рақымы арқылы ғана жетеді деп үйретеді. Өзінің ізгі істерін бетке басып мақтануды ұнататын кісілерге бұл мүлдем ұнамайды. Сондықтан да, Пауыл елші айтқандай, сенушілердің арасында, «таби­ғи тұрғы­дан қараған­да араларыңда дана­лар, билік иелері, асыл туғандар көп емес еді» (Қорынт. 1-хат 1:26). Бұл сөз ақылды адамдар сенуші болмайды дегенді білдірмейді, қайта, өз ақылына мақтанатындар сенуші бола қоймай­ды дегенді білдіреді. Себебі олар осыншама қарапайым ілімді қабылдауды өздеріне лайық емес деп санайды.

Адамзат тарихындағы алдыңғы қатарлы ойшыл ғұла­ма­лардың арасынан да Исаға сенетіндер болып отырған. Бірақ олар көп оқығандарына сеніп, өр көкірек те тәкап­пар болып кетуден бойларын аулақ ұстаған.

Бірқатар адамдар Киелі кітаптың тәлімін дұрыс түсін­бегендіктен қабылдамайды. Басқаша айтсақ, олар шыны­мен бұл тәлімнен емес, өздері білетін тәлімнің жалған қалпынан бас тартады. Соның кесірінен олар Исаның шынайы тәліміне назар аудармай келеді. Олар оны: «Ананы істеме, мынаны істеме, анау болмайды, мынау болмайды!» деген тыйым салатын қатаң ережелердің жинағы, ал Исаға сенетін адам кейін тақуаға айналып, өмірдің бар қызығынан айырылып, зеріктіретін күй кешуге тиіс болады деп ойлайды. Бірақ бұндай түр Иса­ның шынайы жолынан мүлдем басқаша.

Исаны құтқарушым деп мойындаған адам шын мәнін­де азат болады. Иса Өзі азаттыққа жеткізген адам­дар­ды «шынымен азат» болады деген (Жохан 8:36). Ол адам­ды құрсаулап алған жаман әдеттерінен азат етеді. Сондай адам ғана Құдайдың жоспарына сай өмір сүре бас­тай­ды. Құтқарушы Иса былай деген: «Мен адамдар шынайы өмірге ие бол­сын және өмірі рухани игі­лік­ке толы ағыл-те­гіл мол болсын деп келдім» (Жохан 10:10).

Кейбір басқа адамдар өздерін тым кінәлы сезіне­тін­дік­тен сенуші болмайды. Жаман нәрсені көп істеген, Құдай енді мені кешірмейді деп ойлайтындар аз емес. Бұл өте өкінішті жайт, өйткені Киелі кітапта Құдайға шын жүректен мойынсұнып, Одан күнәларымды кешіре гөр деп сұраған әркім міндетті түрде кешіріледі деп ашық айтылған. Құдай кешіре алмайтын күнә жоқ. Тек адам­ның сенбеушілігі ғана оның жұмаққа жетуіне кедергі болады. Ал Құдай тағайындаған Құтқарушы Исаға сену­ден бас тартқан адамның болашақтан қандай үміті бола алады?

Өзге кейбіреулер ұстанып келген белгілі жаман әдет­терінің кесірінен Исаға сенуден бас тартады. Себебі олар Исаға сеніп мойынсұнатын болса, сол жағымсыз әдет­терінен қол үзуге мәжбүр болатынын түсінеді де, мойынсұнудан бас тартады. Иса бұндай адамдар туралы былай деген: «Ал соттың мә­ні мына­дай: «Құдай­дың Нұры» жер­ге кел­ді, бірақ адам­дар Одан гөрі түнекті жақсы көр­ді, себебі олар­дың істері жаман еді» (Жохан 3:19).

Ал менменшіл басқа адамдар өз күштеріне ғана сенеді. Сондайларға Исаның тәлімі өте қарапайым болып көрі­неді. Адам тек теріс жолдан қайтып, Исаның құрбан­дық өлімінің арқасында Құдай күнәларымды кешіріп рухани тазартады дегенге сенім артуға тиіс. Бірақ іс жүзінде бұл олай емес. Ол үшін біз Құдайдың алдында толығы­мен тізе бүгіп, күнәкарлығымыздың кесірінен Құдайды өз күшімізбен ешқашан риза ете алмайтынымызды мойын­дауымыз керек. Менменшіл адамға бұл мүлдем оңай емес. Көп адамдар Исаға сенуден дәл осы себеп­тен бас тартады.

Тағы біреулер осы тәлім қисынсыз, сондықтан сене алмаймын дейді. Бірақ олардың күмәнданатын тұста­ры­на жете жауап берсең де, олар бәрібір сенгілері кел­мейді. Олармен қайтадан сөйлессең, кейде сол баяғыда қойып, тиісті жауабын алған сұрақтарын қайтадан қоя бастайды. Демек, сондай адамның Исаның тәліміне сен­беуінің шын себебі — өзінің өркөкіректігінен бас тартып, бүкіл тағдырын Құтқарушы Исаға тапсырғысы келмеуі. Пауыл елші сондайларды «әділетсіз істері арқылы шындықты аяққа басады» деп сипаттаған (Рим. хат 1:18).

Тоқ етерін айтсақ, шындық пен өтіріктің арасын сене­тін адамдардың санына қарап ажыратуға болмайды деп тұжырымдауымыз керек. Бұндағы басты сұрақ мынау: "Ал сен өзің не істейсің? Исаның тәлімінің шынайы еке­нін дәлелдейтін көптеген жайттардың басын ашып алған соң, сенің Исаға беретін жауабың қандай болады?"

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу