uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

КИЕЛІ КІТАП ПЕН ҒЫЛЫМ ӨЗАРА СЫЙЫСА МА?

Ербол, айтшы: Киелі кітаптағы мәліметтер ғылымға қайшы емес пе?

Осы сұрағыңа жауап беру үшін Киелі кітаптың мақ­саты қандай екеніне назар аударуымыз қажет. Киелі кітапта аталған түрлі жануар, жәндік, өсімдік, ағаш пен геологиялық құрылымдардың сипаттаулары сияқты нәр­се­лердің ғылымға қатысы болса да, Киелі кітаптың өзі ғылыми таным жүйесін енгізбейді. Оның жазба­ла­рын­да ғылымға қатысы бар нәрселер туралы айтылған­да, кейде олар біз үйренгендей нақты сипатталып емес, жалпылама айтылса да, олар біздің қазіргі білі­мімізге сай келеді. Себебі Құдайдың Рухының жете­леуі­мен Киелі кітаптың бөлімдерін жазып қалдыр­ған­дар өзде­рі­не дүниені бүгінгі ғылымға сай нақты сипат­тау мақ­са­тын қоймады. Мысалы, жер шары өз осінен айна­латын­дықтан ғана Күн шыққан, батқан сияқты болып көрі­не­ті­нін біз қазір білсек те, «күннің шығуы», «күн­нің батуы» деп айта береміз. Сол сияқты, Киелі кітапта бейнеленген тұлғалар да қоршаған дүниені өз көргендері бойынша сипат­тайтын еді. Бірақ олардың айтқан сөздері ғылымға қайшы келеді деп те айтуға болмайды.

Кейбіреулер Киелі кітапқа жерді шар тәрізді емес, жалпақ деп үйретеді деген мін тағады, ал шын мәнінде Киелі кітапта мұндай пікір тәлім ретінде берілмеген. Жер жалпақ деген ұғымды алға тартқан — ежелгі грек ойшылдары әрі жұлдыз санаушылары Аристотель мен Птолемей болатын. Сол сияқты, Киелі кітапта көп­те­ген жануарлар да суреттелген. Олардың жалпы дұрыс екендігі осы заманда анықталды. «Уағыздаушы» деген жазбада ежелгі пайғамбар әрі патша Сүлеймен желдің пайда болуын, табиғаттағы судың айналымын ғалым­дар­дан көп бұрын сипаттап берді (Уағыздаушы 1:6-7). Таураттағы тамаққа байланысты ережелерден де түрлі жануарлардың етін тамаққа қолданудың пайдасы мен зиянының дұрыс топшыланғанын көре аламыз. Осы заман­ғы тоңазытқыштар мен тамақты сақтаудың басқа да тәсілдері ежелгі заманда қауіпті болған тамақты жей беруге мүмкіндік береді. Ал сол ережелер ежелдегі исраилдіктерге одан аулақ болуға көмектесті. Мұса пай­ғамбар жұрт ішетін ауыз суы (Леуілік. 11:29-36) және таза­лық сақтау (Заң. қайтал. 23:12-14) туралы да өте маңызды ере­желерді тапсырды. Сонымен Киелі кітап ғылымға қатысты көптеген мәселелерге байланысты сөз қозғаған жайттарды бүгіндері көп ғалымдар тәп­тіш­теп зерт­теп келеді. Олар қазіргі заманғы ғылым тілі­мен емес, сол кездегі тілдерде берілген болса да, әрқашан шын­­дыққа сәйкес болып шығатындары анық­талған.

Ал эволюция ше? Ол Киелі кітапқа қайшы келмей ме?

Мұрат, бұл өте күрделі тақырып, оны толығымен қам­тып шығуға ұзақ уақыт керек. Бірақ сенің сұрағыңа ауыз тұшытарлық жауап беретін біраз жайттарды айта аламын.

Біріншіден, сол даму іліміне сенетін ғалымдар оның бір-бірінен алшақ екі түрі туралы айтып, соларды «микро­эволюция» және «макроэволюция» деп атайды.

Микроэволюция тірі ағзалардың (организм­дердің) бір түрінен басқа бір түр шығады демейді. Қайта, ол Құдай жаратқан жануарлар мен өсімдік­тер­дің түр­ле­рінің өз ішіндегі шағын өзгерістерін ғана сипат­тай­ды. Сондық­тан оны вариация деп атаған дұрыс. Киелі кітап бұндай вариацияны жоққа шығармайды.

Ал макроэволюция болса, қазіргі тіршілік иелерінің барлығы бастапқы зат пен энергиядан табиғи заңдар­дың негізінде, кездейсоқ жайттардың ықпалымен бірте-бір­те өрбіген дейді. Макроэволюциялық болжамды жақтау­шы­лар «үлкен жарылыстан» бастап, осы күнгі екеуі­мізге дейінгі барлық нәрсе кездейсоқ пайда болды дейді. Расында бұл тәлімді ғылыми ілім емес, пәлсапалық көзқарас деген жөн. Себебі оны ғылыми тәжірибе мен бақылау арқылы дәлелдеуге болмайды. Оның көп қағи­да­ларының, мысалы, табиғи сұрыпталу теориясының көмескілеу анықталғандығы себепті оларды нақты тек­се­руге болмайды. Сондықтан бұл теорияны нақты ғылымға емес, пәлсапаға жатқызуға тура келеді. Бүгінгі күнгі ғалымдардың көбі мұны ашық мойындайды. (Өкінішке орай, мектеп оқулықтарының басым көпшілігі макро­эволюцияны әлі де ғылым деп түсіндіреді.)

Макроэволюцияны ғылыми әдістермен тексеруге бол­майтынымен қатар, ол физиканың негізгі заңдарының бірі — Термодинамиканың екінші заңына да қайшы. Макроэволюцияның айтатыны — зат пен энергия өз-өзі­нен ұйымдасып, қарапайым қалыптардан күрделі қалып­тарға дами береді дейді. Ал термодинамиканың екінші заңы болса, егер сырттан еш әсер жасалмаса, кез кел­ген жүйқ (тірі организм, зат не адам қоғамы болсын) күрделіден қарапайымға дамып, ыдырауға, өлуге, өшуге бейім тұрады дейді. Қазірге дейін бүкіл дүниеде осы заңды бұзатын, оған қайшы келетін ешқандай құбылыс байқалған емес.

Макроэволюцияның тіршіліктің қалай пайда болға­нын түсіндіретін болжамын, яғни, баяғы заманда химиялық заттар бір-бірімен кездейсоқ қосылыс түзеп, тіршілік пайда болды деген болжамын растайтын дәлелдері де жоқ. Ғалымдардың өз зертханаларында түрлі химия­лық қосылыстарды бір-бірімен қосып, тіршіліктің қасие­ті­не ие затты алуға тырыса бастағандарына ондаған жыл­дар­дың жүзі болды. Олар өз істерін жеңілдету үшін тәжі­рибелерін жай химиялық элементтермен емес, күр­делі химиялық қосылыстармен жүргізсе де, шын мәнінде тірі затты ешқашан ала алған жоқ. Олардың әзірше қол жеткізгендері — тіршіліктің кейбір қасиеттеріне ие зат­тар. Бірақ осыған да ғалымдар «кездейсоқ» емес, көп еңбектің және тәжірибе жасағанда белгілі талап­тар мен жағдайларды қатаң сақтаудың арқасында ғана қол жеткізді. Әрине, бұл жерде мен олар ешқашан зерт­ханада тіршілікті қолдан жасауға жете алмайды деп кесіп айтқым келмейді. Өз басым ғалымдардың осыны жүзеге асыра алатынына қатты күмәндансам да, менің айтпағым басқа: тіршіліктің өлі заттан кездей­соқ, өзі­нен-өзі пайда болуы мүмкін емес, тіршілікті жасау үшін зор ақыл керек, басқаша айтқанда, бұл тек Құдай­дың қолынан ғана келеді.

Дүниедегі алдыңғы қатарлы астрофизик ғалым­дар­дың бірі — Н. Чандра Викрамасингхе, өзі тегі бойынша Шри-Ланкалық, қазір Уельстегі Кардифф қаласының Университет колледжінде ғылыми зерттеумен шұғыл­данып, дәріс те береді. Ғылым докторы Викрамасингхе сонымен бірге математиканың және ықтималдықтар теория­сының кең танымал тұлғасы. Оған тіршіліктің өзі­нен-өзі пайда болуының ықтималдығы қандай деген сұрақ қойылды. Ғалымның жауабы мынау болды: «Тір­шіліктің өзінен-өзі пайда болуының ықтималдығы — металл қалдықтары жиналған базаға үлкен құйын тұрып, ол металл қалдықтарын жоғары көтеріп әкетіп, содан Боинг-747 жолаушы ұшағын құрастырумен бірдей!» Ғалым жасаған зерттеулерінің нәтижесінде, Жаратушы міндетті түрде болуы керек, себебі осы тіршілік әлем­нің ешбір бөлігінде өздігінен пайда бола алмайды деген тұжырымға келді. Ғалымның өзінің айтуы бойынша, бұндай шешімге ол буддашыл агностик болғанына қара­мастан ғылыми жұмысының қорытындысынан кел­ген. Бұл оған оңай болмағаны анық, себебі бұндай тұжы­рым жасау оның бұрынғы көзқарасына қарама-қайшы.

Эволюциялық теория тағы тірі ағзаларда болатын мутациялық өзгерістер кейде пайдалы болады деп айта­ды. Бірақ әзірше табиғатта да, зертханаларда да пайдалы мутациялар байқалған емес. Ал эволюцияны жақтау­шы­лар макроэволюцияның орын алуы үшін пайдалы, қара­пайымдырақ организмді күрделірек ететін мутация­лық өзгерістер міндетті түрде болуы керек дегенді мойын­дайды. Алайда тіршілік иелері үшін пайдалы мутация­лар ешқашан байқалған емес. Олардың күні бүгінге дейін байқалғандары зиянды немесе бейтарап, солар­дың ішінде зияндылары басым көпшілікті құрайды да, бей­та­раптары бірен-саран ғана. Бұл Термодинамика­ның екін­ші заңына толығымен сәйкес келеді. Сол заң бойынша, барлық жүйелер бұрынғыдан күрделірек емес, қарапайым­дырақ күйге түсуге бейім болады. Бірақ кейбір адамдар макроэволюцияға нық сенетін болғандықтан, пайдалы мутациялар орын алуға тиіс деп болжайды, өйткені он­сыз макроэволюция жоқ. Басқаша айтқанда, макро­эво­лю­цияға деген сенімдері олардың табиғатқа және ғылым­ға деген көзқарастарын белгілеп, бұрмалайды. Ал шынайы ғалымдар болса, өз көзқарастарын ұстанған ілімдерін тек нақты жайттар мен деректерге ғана негіздейді.

Ықтималдық теориясына қайта келер болсақ, оның өзі де эволюцияның болғанына қатты күмән туғызады. Осы заманғы жетекші эволюцияшыл ғалымдардың бірі — Сэр Жулиан Хаксли мутациялық өзгерістер арқылы бір тірі жәндіктің өзінен жоғары дамыған басқа жән­дік­ке айналуының ықтималдығына баға бере былай дейді:

«Мың мутацияның ішіндегі біреуі пайдалы болады дейік. Бұл бізге көп сияқты болып көрінбейді, бірақ бұның өзі де асыра айтылған сан... Бір миллион мута­ция көп болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл да жеткі­лік­сіз... Бірақ сонда да, осы сандар шындыққа үйлеседі, оларға негізделуге болады дейік. Осындай пропорцияларды сақтай отырып, бірақ ешқандай сұрыптаусыз, екі пай­да­лы қасиетке ие тіршілік иесін алу үшін миллион (1000х1000=10002) ұрпақ алмастыру керек. Осылай жал­ғастыра беріп, тірі организмде бір миллион қажетті мутациялық өзгеріс болуы үшін мыңның миллион дәре­жесі (10001000000) мөлшерінде ұрпақ алмастыру керек. Әрине, іс жүзінде бұның өзі де болуы мүмкін емес, бірақ бір әулет арқылы кездейсоқ мутациялар орын алып, керекті қасиеттерге ие ағзаның пайда болуының ықти­мал­дығының адам сеніп болмайтындай қандай мардым­сыз екенін білдіре алады. Егер 10001000000 санын үйрен­шікті тәсілмен жазсақ, бірден кейін үш миллион нөлі бар сан шығады. Осы санның өзін ғана жазу үшін әр томы 500 беттен тұратын үш томдық кітап керек болады!... Осындай кішкентай мүмкіндікке ешкім де бәстесе қоймас еді».

Жан-жануар, өсімдіктер бір-бірінен пайда болып отыр дейтін даму тәлімін (эволюционизмді) де, бәрін Құдай жаратты дейтін жарату тәлімін (креационизмді) де ғылыми тұрғыдан дәлелдеу мүмкін емес, себебі екеуі де көзбен көріп болмайтын үрдістер туралы. Даму тәлі­мі­нің дәлелдеуге келмейтінінің себебі — ол өте баяу орын алатындықтан оның жүріп-жүрмей жатқанын еш­кім, тіпті әлденеше ұрпақтың өкілдері, бақылай алмайды. Ал жарату тәлімі бойынша, Құдай барлық тіршілікті бастапқыда бір-ақ рет жаратқандықтан, ежелде өтіп кет­кен оқиғаны біз қазір көре алмаймыз (уақыт маши­насы арқылы болмаса). Өзім жарату тәлімінің растығы­на сенемін, өйткені ол Термодинамиканың екінші заңына сәйкес келеді, әрі мутациялардың барлығының зияндылығын түсіндіре алады. Ал даму тәлімі осы екі жайтпен сыйыса алмайды. Өз басым даму тәлімінің мүм­кіндігін есептеген жаңағы болар-болмас ықтимал­ды­лықтарға қарап сол тәлімге сенім артуды дұрыс көр­мес едім!

Эволюцияның дұрыс-бұрыстығы туралы нақты шешім қабылдауға дайын емеспін. Сенің жаңағы түсіндіріп кел­ге­нің мені түгелдей сендіріп отыр деп те айта алмай­мын.

Мұрат, мұның өте күрделі тақырып екенімен келі­се­мін. Егер саған қызық болса, менде осы мәселені жан-жақты тереңдетіп қарастыратын бірсыпыра кітаптар бар.

Алайда мен басқа бір ұсыныс жасағым келіп отыр. Қойып отырған негізгі сұрағым — сенің даму тәліміне сенер-сенбесің емес, Құтқарушы Исаның айтқандарына қалай жауап бересің, міне осы. Даму тәліміне деген көз­қарасың Исаға сенуге шешім қабылдауыңа кедергі болмауға тиіс. Сенушілердің көпшілігі макроэволюция Киелі кітапқа қайшы келеді деп ойласа да, бірқатар беделді сенуші ғалымдар дүниені жаратқан — Құдай және бәрі эволюция арқылы пайда болды деген екі көзқарасты өзара сыйыстыруға болады деп санайды. Олардың біразы Құдай барлық тіршілік иелерін ұзақ уақыт бойы, тарихтың көптеген кезеңдерінде әр алуан жануарлар мен өсімдіктер түрлері етіп жаратып отыр­ды деген пікірді ұстанады. Басқа біреулер әуел баста Құдай тіршілік иелерінің белгілі бір түрлерін жара­тып, кейін олардың бірте-бірте өзгеріп жаңа түрлерге айналу­ла­ры­на бағыт берді дейді. Осы сенушілер Киелі кітапқа да, барлық жан-жануарлар ұзақ уақыттың ішінде пайда болған деген ой-пікірге де сенеді. Кейбіреулері «про­грес­сивті креационистер» деп аталады, олар түрлі тір­шілік иелерін Құдай түрлі кезеңдерде жаратқан деп болжайды. Басқалары «теистік эволюционистер» деп ата­лып, Құдай барлық тіршілік иелерін жаратып, кейін олардың басқа түрлерге айналуларына себепші болды дегенге сенеді. Осы екі көзқарасты ұстанатындар түр­лердің пайда болуын кездейсоқтықпен емес, Құдайдың саналы жаратуымен түсіндіреді. Менің ойымша, тір­ші­ліктің өздігінен дамуының мардымсыз математикалық ықтималдықтарын назарға алмайтын макроэволюцияға сенім артудан гөрі, бұл көзқарас әлдеқайда артық.

Сен қандай көзқарасты қабылдасаң да, әлемнің пайда болуы туралы ойларың Құтқарушы Исаға сенуіңе кедер­гі болмауға тиіс деп есептеймін.

 

 

Құдай шынымен бар ма?

Адам негізінде білімге қалай ие болады?

Тағы да — Құдай шынымен бар ма?

Құдай қандай?        

Құдай бар болса, неліктен жамандық та бар?

Сонда атеизм, агностицизм және гуманизм туралы не деуге болады?

Исаға деген сенімнің дәлелдемелері қандай?

Иса шынымен Кім еді?

Керемет, ғажап істердің болуы мүмкін бе?

Иса шынымен қайта тірілді ме?

Ал егер бұны шәкірттердің өздері ойлап тапса ше?

Деректерді басқаша да түсіндіруге болмай ма?

Иса Құдайға апаратын жалғыз жол ма?

Мәсіхке тиісті барлық пайғамбарлық сөздерді Иса орындай алды ма?

Діндердің барлығы да бір нәрсені үйретпей ме?

"Үшбірлік" деген сөз нені білдіреді?

Құтқарушы Иса туралы естімегендермен не болады?

Тозақ шынымен бар деп сенесің бе?

Ендеше сенушілер неге дүниенің көпшілігі емес?

Киелі кітаптың шынайы екенін қайдан білесің?

Киелі кітап пен ғылым өзара сыйыса ма?

Киелі кітап тарихқа сәйкес келе ме?

Исаның атымен аталғандардың жаман қылықтары жоқ па?

Исаға сенім артасың ба?

Құдай мені шынымен кешіре ме

Ал егер сенімім жетпесе ше?

Мен қалай рухани өсе аламын?

Рухани өсуде Киелі кітаптың алатын орны

Рухани өсуде мінажат етудің алатын орны

Рухани өсуде Құдайға мойынсұнудың алатын орны

Рухани өсуде қауымның алатын орны

Рухани өсуде Иса туралы басқалармен бөлісудің алатын орны

Исамен байланыста рухани өсу