uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

2. Даналыққа бет бұрғанның
жарылқануы

1 Балам, егер сен сөздерімді қабылдасаң,
Һәм жадыңда өсиеттерімді сақтасаң,
2 Құлағың даналыққа лайым түрік болса,
Жан дүниең парасатқа дайын тұрса,
3 Егер білім мен парасатты шақырсаң,
4
Көмілген күміс пен қазынадай іздесең,
5 Сонда Жаратқанды қастерлеуді ұғарсың,
Құдай жайлы білімді иемденіп аларсың.
6 Себебі Жаратқан Ие даналық сыйлар,
Білім мен түсінік Оның аузынан шығар.
7 Әділдерге Ол ақыл-парасат сақтап қояр,
Кінәратсыз жүргендерді қалқандай қорғар.
8 Ақиқат жолын Тәңір назарында ұстар,
Өзіне бағышталғанның жолын аман сақтар.

9
Осылай әділ, тура, ақ дегеннің мәнін ұғарсың,
Ізгі жолдың қайсы екенін таба аларсың.
10 Себебі даналық жан дүниеңе енер,
Білім де жаныңды қуанышқа кенелтер,
11 Сонда ақыл-парасат сені аман сақтар,
Дұрыс түсінік те лайым бақылап қорғар.
12 Бұл сені құтқарып алар теріс жолдан
Және жалғандық айтушының ықпалынан,
13 Тура жолдан тайып, түнекте жүргендерден,
14 Әрі жамандық жасағанға қуанатындардан,
Зұлымдықтың азғындығына шаттанатындардан,
15 Жүрген жолдары қисық, адасқан сол жандардан.

16 Даналық сені сақтар бұзылған әйелден,
Жеңіл жүрісті оның жағымпаз сөздерінен.

17
Ол жастайынан қосылған қосағынан бас тартқан,
Құдайының келісімін есінен шығарған,
18 Оның үйі өлім жолына түсірер,
Соқпақтары о дүниеге жетелер.
19 Оған барған пенделер қайтып келмес,
Шынайы өмір жолына енді түспес.

20
Сондықтан жүр ізгілердің ізіменен,
Лайым жүр әділдердің жолыменен!
21 Себебі әділдер елді мекендейді,
Кінәратсыздар сонда тұра береді.
22 Ал зұлымдар елден аластатылады,
Опасыздар түп-тамырымен құртылады.

 

 
 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ