uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

3. Тәлім алып, Тәңірге
мойынсұнудың зор пайдасы

1 Балам, берген нұсқауларымды еш ұмытпа,
Өсиеттерімді менің жүректе сақта!
2 Өйткені олар ғұмырыңды ұзартар,
Амандық пен тыныштық молынан дарытар.

3
Мейірім мен шындықтан ешқашан безбе,
Мойныңа байлап, жазып қойғандай жүрекке.
4 Сонда ұнамды болып Құдай мен адамға,
Ие боласың зор құрмет-абыройға.
 
5
Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме,
Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе.
6 Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді,
Сонда Ол тура жолмен жетелер сені.
7 Паңданып өзіңді «данышпанмын» деп ойлама,
Құдайды шын қастерле, зұлымдыққа жолама,

8
Тұла бойың сергіп, сауығатын болар сонда.
9 Тәңірді құрметтеп сыйға бер мал-мүлкіңнен,
Алған бар өніміңнің алғашқы түсімінен.
10 Сонда астыққа кенелер қамбаларың,
Ернеулеп толар шырынға ыдыстарың.

11
Балам, Тәңір сені тәрбиелегенде,
Онысын ешқашан менсінбей жүрме,
Ол сені жөнге келтіргенде,
Лайым еңсең түсіп жүнжіме.
12 Иеміз сүйетін әркімді
Түзетіп тәрбиелейді де,
Әке іспетті әр баласын да
Жазалайды қажет болғанда.


Даналық әлдеқайда құнды асыл тастан
 

13 Қандай бақытты даналықты тапқан адам,
Ақыл-парасатты иемденген әрбір жан!
14 Өйткені оған қол жеткізу күмістен құнды,
Алтыннан жоғары оның берер пайдасы.
15Даналық әлдеқайда құнды асыл тастан,
Құмартқан ешбір нәрсең тең келмес оған.

16
Ол саған берер ұзақ ғұмыр — оң қолында,
Һәм байлық пен қадір-құрмет — сол қолында.

17
Даналық ұнамды жолдармен жүргізер,
Соқпақтары адамды тыныштыққа жеткізер.

18
Ие болғанға даналық — шын өмірдің ағашы,
Оны мықтап ұстанған әркім қандай бақытты!

19 Жердің негізін Жаратқан салды даналықпен,
Аспанды мықтап орнатты ақыл-парасатпен.

20
Оның даналығымен терең көздер ашылды,
Һәм аспандағы бұлттардан жауын жауа бастады.

21 Ей, балам, мыналарды назарыңнан тайдырма:
Дұрыс ой мен естілікті сақтап жүр әр уақытта,

22
Олар шынайы өмірге жаныңды кенелтер,
Мойынға таққан моншақтай сені көркейтер.
23 Сонда өмір жолыңда алаңсыз жүрерсің,
Аяғың тайып, сүрініп те кетпессің.
24 Төсекте жатқанда ешқандай қамықпассың,
Қауіпті уайымдамай, жайлы ұйықтарсың.
25 Кенеттен келер апаттан қорықпассың,
Зұлымдардың күйреуінен қаймықпассың,
26 Өйткені Жаратқан сүйенішің болар,
Жүрген өмір жолыңда тұзақтан сақтар.


Қатыгездіктен сақтандыру
 

27 Қолыңнан келіп тұрғанда мұқтаждарға
Жақсылық көрсет, соған лайық жандарға.
28 Көршіңе қажет нәрсе сенде бар болғанда:
«Ертең кел, сонда берермін» деп оны қайтарма.
29Жаныңда бейқам тұрып жатқан көршіңе
Ешқандай қастандық сен ойлап жүрме.

30
Өзге жан саған жамандық жасамаса,
Еш себепсіз онымен жанжалдаспа.

31 Озбырлық жасайтынмен бақталаспа,
Теріс жолдарының ешбірін таңдап алма.
32 Азғын жанды Жаратқан Ие жек көреді,
Әділ жанға өз еркін ашып білдіреді.
33 Жаратқан Ие зұлымның мекенін қарғайды,
Ал әділ адамның шаңырағын жарылқайды.

34
Ол мазақтаушылардың өздерін мазақтайды,
Ал езілген кішіпейілдерге рақымын сыйлайды.
35 Даналар қадір-құрметті иемденеді,
Надандар болса, масқараны иеленеді.

 

 
  1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ