uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

4. Даналық пен әділдікті ұстануға
арналған әке өсиеті

1 Балалар, әке өсиетіне құлақ түріңдер,
Парасатқа ықылас бөліп, меңгеріп алыңдар,
2 Өйткені мен сендерге игі тәлім беремін,
Бас тартып кетпеңдер үйреткен өсиетімнен!

3
Өзім де әкемнің қасындағы ұлы болдым,
Көзінің қарасы, шешемнің жалғызы едім.
4
Лайым былай деп әкем маған үйрететін:
Жүрегіңе сөздерімді берік тоқып алғын,
Өсиеттерімді орындап өмір сүргін.
5 Парасатқа ие болып, даналыққа кенелгін,
Сөздерімді ұмытып, бас тартып жүрмегін.
6 Даналықтан безбе, сонда ол сені қорғайды,
Сүйсең оны лайым, сені аман сақтайды.

7
Ең бастысы — даналық, даналыққа кенелгін,
Қолыңдағы барыңмен парасатқа ие болғын.
8 Жоғары оны бағала, дәрежеңді көтерер,
Айырылма одан, абыройыңды асырар.

9
Даналық басыңа шір таққандай көрік берер,
Тәж орнатқан секілді құрмет-даңққа кенелтер.
10 Балам, зейін қойып сөзімді қабыл ал!
Сонда сенің ғұмырың ұзақ болар.
11 Мен саған даналық жолын көрсетемін,
Лайым сені тура жолмен жетелеймін.
12 Сол жолмен бөгелмей еркін жүресің,
Жүгірсең де ешқашан сүрінбейсің.
13 Тәлімімнен мықтап ұстан, айырылып қалма,
Шын өмірге жеткізеді, соны есіңде сақта.
14 Қылмыскерлер жолына аяғыңды салма,
Зұлымдардың соқпағымен жүретін болма!
15 Бас тартып одан, лайым айналып өт,
Бойыңды аулақ ұстап, бұрылып кет.
16 Зұлымдық істемей олар ұйықтай алмас,
Біреуді құлатпай еш тыным таппас.
17 Оларға зорлық пен әділетсіздікті
Істеу тамақ ішкендей үйреншікті.
18 Әділдің жолы таң шапағы іспетті,
Тал түс болғанша жарқырай түседі.
19 Ал қылмыскерлер жолы түнекке ұқсайды,
Неден сүрініп, құлағандарын ұқпайды.

20
Балам, сөзімді жүрегіңе тоқып ал,
Айтқандарыма мұқият құлақ сал.
21Сөзімді назарыңнан тыс қалдырмай,
Жүрегіңнің түкпіріне сақтап қой.

22
Шын өмір сыйлайды ол мәнісін тапқанға,
Денсаулық береді оның тұла бойына.

23
Ең бастысы, таза сақта жүрегіңді,
Өйткені ол — өміріңнің қайнар көзі.
24 Лайым аузыңнан өтірік шықпасын,
Тілің жалғандықтан қашықтасын!

25
Алға қарай көзің тура қарасын,
Алған бағыттан назарың таймасын,
26
Көңіл бөл жүретін жолыңа өзіңнің,
Лайым берік болсын жолдарың сенің.
27 Алға басып, оңға-солға бұрылма,
Аяғыңды жамандықтан аулақ ұста.

 

 
 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ