uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

5. Неке адалдығына шақыру

1 Балам, даналығымды қабылда,

Ұлағатты сөздерімді тыңда,
2
Осылай естілікті үйренерсің,
Білім сақтап, парасатпен сөйлерсің.
3
Азғын әйелдің тілінен бал тамады,
Сөздері майдан да жұмсақ болады.
4 Бірақ оның кесірі ащы жусандай,
Соңы өткір болар екі жүзді семсердей.
5 Аяқтары өлімге түсіп барар,
Қадамдары көрге қарай бағытталар.
6 Шынайы өмір жолын сол әйел ойламайды,
Қауіпті жолмен жүргенін аңғармайды.

7 Сонымен, балалар, тілімді алыңдар,
Айтатын сөздерімнен бас тартпаңдар!
8 Лайым алыс бол сондай әйелдерден,
Жақындамай, аулақ жүр есігінен!
9 Әйтпесе әл-күшіңнен құр қаласың,
Жиғаныңды қатал жанға тапсырасың.
10 Басқалар байлығыңды иемденер,
Бөтен жан еңбегіңнің жемісін жер.
11 Өміріңнің соңында тәнің әлсіреп,
Былай деп күйзелерсің, қатты опық жеп:
12 «Әттеген-ай, тәрбиені неге жек көріппін,
Ескертуді қалайша елемей жүріппін?
13 Ұстаздарымның тілін қалайша алмаппын,
Тәлімгерлеріме еш құлақ салмаппын?
14 Сондықтан мен жиналған жамағаттың
Алдында масқара бола жаздаппын!»

15
Суын ішіп, шөліңді бас өз «құдығыңнан»,
Ләззат тап өз «бұлағыңның кәусарынан».
16 «Бұлағың» көшелерде ақсын ба,
«Кәусарың» алаңдарда жайылсын ба?
17 Лайым ол тек қана сендік болсын,
Адал жүр, бөліспе өзгелермен!

18
Құдайым жарылқай көрсін «бұлағыңды»,
Қанағат ет жастай алған қосағыңды:
19 Ол еліктей сұлу, тау ешкідей әсем,
Үнемі ләззат тап кеудесінен,
Мас бола бер махаббатына лайым.
20 Балам, өзге әйелмен әуестіктің қажеті не?
Басқаның кеудесін құшқаннан табасың не?

21
Адамның күллі ісі Тәңірдің көз алдында,
Ол баға береді пенденің бар жолына,
22 Зұлым жан күнәларының тұзағына түсер,
Жасаған жамандықтары оны кіріптар етер.
23 Тәрбиесіздігі оны ажалға тап қылар,
Зор ақымақтығы ақ жолдан адастырар.

 

 
 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ