uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

6. Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

1 Балам, егер көршің үшін кепілдік беріп,
Не бөтеннің қарызын мойныңа алып,
2 Аузыңнан шыққан сөзіңмен шырмалсаң,

3
Ұлым, сол адамға кіріптар болғаның.
Тез барып, жалынып аяғына жығыл,
Осылай уәдеңнен азат болып құтыл!
4 Ұйқыға бой беріп, кірпігіңді ілмей,
Алдымен көз жұмып, ұйықтайын демей,
5Аңшыдан қашқан еліктей дереу құтыл,
Құс іспетті тұзақтан босауға ұмтыл!
6 Жалқау неме, құмырсқадан үлгі ал,
Ісіне қарап оның, парасатқа ие бол!
7 Бастық, бақылаушы, билеушісі болмайды,
8 Жазда қысқы азығын дайындайды,
Орақ кезінде тамағын жинайды.
9 Жалқау неме, қашанғы ұйықтап жатасың,
Ұйқыңнан оянып, қашан тұрасың?
10 Біресе ұйықтап не мүлгіп отырасың,
Біресе қол қусырып жатып та аласың,
11 Кенеттен жүйріктей жоқшылық жетер,
Тонаушыдай мұқтаждық саған тап берер.


Жаратқан Ие жақтырмайтын іс-әрекет
 

12 Қара ниетті, арсыз жан жалған сөйлер,
13
Аяқ, көз, саусақпен құпия белгі берер,
14
Жүрегінде зұлым жоспарлар құрар,
Әрдайым араздық сеуіп отырар.
15 Сондықтан ажал оған кенет жетер,
Сауықпастан біржола құрып кетер.
16 Жаратқан Ие мына алтауды жақтырмайды,
Тіпті жетеуді жаны мүлдем жаратпайды:
17 Тәкаппар көз бен өтірікші тіл,
Һәм жазықсыз қан төгетін қол,

18
Зұлым жоспар құратын ақыл-сана,
Асыққан аяқ соны орындауға,
19 Жалған куә өтірік айтатын,
Ағайын арасында араздық тудыратын.


Азғын әйелден сақтандыру

20 Балам, әке өсиетін есте сақта,
Анаң берген тәлімнен де бас тартпа,
21 Оларды мәңгі жүрегіңе түйгін,
Мойныңа таққандай сақтап жүргін.
22 Жүргенде олар сені жетелер,
Ұйықтасаң күзетіп, қорғап жатар,
Оянғанда лайым есіңе түсер.
23 Өсиет пен тәлім шам-шырақ секілді,
Түзеткіш тәрбие өмір жолын сілтейді.
24 Олар сені жүгенсіз әйелден сақтайды,
Оның жағымпаз сөздерінен қорғайды.
25 Көркіне оның жүрегің елікпесін,
Жанары сені баурап әкетпесін!
26 Жезөкше ақыры нанға зәру қылар,
Азғын әйел қымбат жаныңа тұзақ құрар.

27
Қойнына от салған киімін өртемей ме?
28
Шоқ басқан адам аяғын күйдірмей ме?
29 Өзгенің жарына барғанмен солай болады,
Онымен жанасқан жазасын тартады.

30
Аштықтан ұрлық жасағанды жұрт жек көрмей ме?
31
Ұсталса, алғанын жеті еселеп төлетпей ме?
Отбасының меншігін түгелдей бергізбей ме?

32
Неке адалдығын бұзғанның ақылы кем,
Құртады өз жанын солай істеуімен.

33
Соққы жеп ол, абыройы төгіледі,
Мәңгі масқара болып қала береді.
34 Қызғаныштан күйеуін ашу кернейді,
Өшін алған кезінде аяуды білмейді,
35
Күнәның төлемін ешқашан алмайды,
Мол тарту берсең де, ашуы қайтпайды.

 

 
 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ