uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

7. Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

1 Балам, сөздерімді есіңде ұстап,
Ережелерімді жадыңда жүр сақтап,
2
Өмір сүр, өсиетімді орындап,
Ілімімді көз қарашығыңдай сақтап,
3 Саусаққа байлап алғандай жүр ұстанып,
Жүрегіңнің түкпіріне қойғын жазып.
4 Даналыққа қарашы туған бауырыңдай,
Парасатты да көрші туысқаныңдай.
5 Сонда олар қорғайды азғын әйелден,
Сені баурамақ болғаннан майда сөзімен.
6 Бір күні қарап тұрсам терезеден,
7 Тәжірибесіз жастардың арасынан
Жас жігітті байқадым, ақылы толмаған.
8 Әйел тұрған бұрыштан жігіт өтті,
Үйіне оның апаратын жолмен кетті.
9 Бұл күн батып, ымырт түскен кез еді.

10
Міне, әйел жігіттің алдынан шықты,
Жезөкшедей киінген, айлалы еді.

11
Ол үйінде тұрмас, жүгенсіз де даурықпа,
12 Торып жүр көше, алаң, бұрыштарды,
13 Жігітті құшып алып, сол арсыз сүйді,
Шімірікпей оған қарап былай деді:
14 «Мен тиісті құрбандығымды шалдым,
Антымды бүгін түгел орындадым.

15
Кезігу үшін өзіңе үйден шықтым,
Сені іздеп, енді, міне, тауып алдым!
16 Төсегіме әдемі көрпе салдым,
Түрлі түсті мысырлық жабын жаптым,

17
Хош иісті мүр, алой, дәм қабық шаштым.
18 Кәне, жүр, таң атқанша бірге болайық,
Махаббаттың ләззатымен сусындайық!

19
Үйде ерім жоқ, ол алыс сапарға кетті,
20
Күміс толы дорбасын ала кетті,
Ай толғанда ғана қайтып келеді».
21 Майда тілмен жігітті арбап алды,
Жылы сөйлеп дегеніне көндірді.

22
Әйелге жігіт еріп жүре берді,
Сойылуға бара жатқан өгіздей,
Һәм торға түсіп қалған бұғыдай,
23
Садақ оғы әлі бауырына қадалмай,
Тұзаққа зымырай ұшқан құстай,
Өмірмен қоштасарын кетті ол ұғынбай.

24
Сонымен, балалар, мені тыңдаңдар,
Айтқан сөздеріме құлақ салыңдар!

25
Жүгенсіз әйелдің ізіне түспеңдер,
Жолына еліктеп, адасып жүрмеңдер!

26
Көп адам осылайша құлап қалды,
Күштілер оның қолынан қаза тапты.
27 Оның үйі көрге қарай жетелейді,
Тозақтың дәл түбіне түсіреді.

 

 
 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ