uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

8. Даналықтың уәде еткен
сый-тартулары

1 Даналық шақырып жатыр емес пе,
Ақыл-парасат дауыстап тұр емес пе?

2
Жол жиегінде, биік орындарда
Тұр Һәм жол тораптарында.
3 Қала қақпаларының төңірегінде,
Халық өтетін кіре берістерде,
Даналық былай деп мәлімдеуде:
4 «Уа, халайық, сендерді шақырамын,
Бар адамзатқа дауыстап айтамын:
5 Аңқаулар, енді үйреніңдер,
Аңғалдар, түсінік иеленіңдер,
6 Тыңдаңдар мені, асыл сөз айтпақпын,
Ақиқат — барлығы да айтарымның.
7 Шындық — аузымнан шыққан сөздің бәрі,
Өтірік айту маған аса жиренішті.
8 Менің сөздерімнің бәрі де дұрыс,
Ешқайсысы емес арам не бұрыс.
9
Саналыға барлығы түсінікті,
Білімдіге мінсіз де әділетті.
10 Күмістен гөрі ал менен тәлімді,
Саф алтыннан гөрі қабыл ал білімді.
11 Даналық асыл тастардан да құнды,
Аңсаған еш нәрсең оған тең келмейді».


Даналықтың ақыл-кеңесі мен жемісі
 

12 «Мен даналықпын, парасат бар қасымда,
Саналы білім тауып аламын да.
13 Жаратқанды қастерлеп, мойынсұну,
Бұл — жамандық атаулыны жек көру.
Жек көремін паңдық пен менмендікті,
Жаман іс-әрекет пен бұрма сөзді.
14 Менде ақыл-кеңес бар, адал сана,
Иемін парасат, күш-қуатқа да.
15 Мен арқылы патшалар билік құрады,
Әкімдер әділ заңдар шығарады.
16 Әміршілер мен арқылы басқарады,
Төрелер әділ үкім шығарады.
17 Мен де сүйемін өзімді сүйгенді,
Іздеп жүрген тауып алады мені.

18
Абырой-байлық сыйлайтын бар менде,
Жоғалмас қазына мен әділдік те.

19
Беретін жемісім алтыннан құнды,
Ол тіпті саф алтыннан да бағалы,
Шығаратын өнімім менің таңдаулы,
Күмістен де әлдеқайда жоғары.
20 Әділетті жолмен жүре беремін,
Ақиқат жолынан ешбір таймаймын.
21 Мені сүйгендерге игілік сыйлаймын,
Қазыналарын толтыра беремін».


Даналықтың ежелгі болмысы


22 «Мен Жаратқанның меншігі болатынмын,
Ежелгі істерін Ол жасамас бұрын.
23 Бұл дүние жаралмай тұрып, әуелден
Мәңгілікте мен тағайындалғанмын.
24 Пайда болдым терең теңіз болмағанда,
Суға толы қайнарлар ақпағанда,
25 Таулар әлі де орнамай тұрғанда
Тудым, Һәм төбелер жоқ болғанда,
26 Тәңір Ие әлі жаратпастан бұрын
Жер, дала, әлемнің алғашқы топырағын.
27 Сонда болдым Ол аспанды орнатқанда,
Бетінде теңіздің көкжиекті сызғанда.
28 Тәңір бұлттарды аспанда орнатқанда,
Тереңнен қайнарларды нығайтқанда,

29
Теңіз суының ауқымын шектегенде,
Өз еркінен тыс тасытпай тежегенде,
Дүниенің негізін белгілегенде,

30
Қасындағы сәулетші мен болғанмын,
Күнде Оны қуантып, алдында шаттандым.
31 Жаратқанның әлемінде көңілдендім,
Адамзатқа да шат-шадыман болдым».


Даналықтың пайдасы, надандықтың зияны


32
«Сонымен, балалар, құлақ салыңдар,
Қандай бақытты — жолымды сақтағандар!
33 Өсиетімді тыңдап, дана болыңдар,
Еш уақытта одан бас тартпаңдар!
34 Қандай бақытты — күнде тілімді алған,
Сергек болып қақпамда күтіп тұрған.

35
Өйткені мені тапқан шынайы өмір табады,
Жаратқанның ризалығына ие болады.
36 Ал менен безген өзіне зиян салар,
Мені жек көрген әркім өлімді ұнатар».

 

 
 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ