uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

9. Даналықтың "тойға" шақыруы

1 Даналық өзінің үйін салған еді,
Оның жеті діңгегін қойған еді,

2
Енді сусынын даярлап, малын сойды,
Тамаша дастарқанын жайып қойды,
3 Адамдарға қызметшілерін жұмсады.
Енді Ол қаланың биігінен жар салады:
4 «Мұнда келіңдер!» деп шақырады
Бар аңғалдарды Һәм парықсыздарды:
5 «Кәне, келіп, дәм татыңдар асымнан,
Ішіңдер дайындаған сусынымнан!
6
Надандықты тастап, шынайы өмір сүріңдер,
Лайым ақыл-парасат жолымен жүріңдер!»

7
Мысқылшылға сөгіс берген масқара болар,
Зұлымға ескерткенге мін тағылар.
8 Мысқылшылға ескертпе, сені жек көрер,
Данаға ескерт, ол сені сүйер.
9 Данаға тәлім бер, даналығы өсер.
Әділді де үйрет, білімі өсер.
10 Даналықтың бастауы — Тәңір Иені
Терең қастерлеп, Оған мойынсұну,
Һәм ақыл-парасат — Киелі Құдайды
Және Оның еркін жақыннан тану.
11 Даналықпен көрер күнің көп болар,
Парасатпен жасыңа жас қосылар.

12
Дана болсаң, пайдасын өзің көрерсің.
Мысқылшыл болсаң, зиянын өзің шегерсің.


Надандықтың шақыруы


13 «Надан әйел» даурыға айқайлайды,
Өзі аңғал, мән-жайларды ұғынбайды.
14 Үйінің есік алдында орындыққа
Отырады ол, қаланың биік орнында.

15
Тура жолмен өтіп бара жатқандарға
«Надан әйел» дауыстап жар салуда:
16 «Мұнда келіңдер!» деп шақырады
Бар аңғалдарды Һәм парықсыздарды:
17
«Ұрлап ішкен су сондай тәтті екен!
Тығып жеген нан сондай дәмді екен!»
18 Адамдар білмейді бұрын шақырылғандардың
Өлік болып көр түбінде жатқандарын.

 

 
 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ