uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

СҮЛЕЙМЕННІҢ ТАҢДАУЛЫ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІНІҢ ЖИНАҒЫНАН

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

 1Сүлейменнің бірсыпыра нақыл сөздері:*

 

Ақылды бала — әкесінің сүйініші,

Ақылсыз бала — шешесінің күйініші.

 

 2Арам байлық пайдалы болмайды,

Ал әділдік ажалдан сақтайды.

 

 3Әділдің аш жүруіне Жаратқан жол бермес,

Зұлымның аңсағанын беруді қош көрмес.

 

 4Жалқау қол жарлы қылар,

Ісмер қол дәулетті қылар.

 

 5Жазда өнім жиған — ақылды бала,

Орақ кезінде ұйықтаған — арсыз бала.

 

 6Әділ жан жарылқауға ие болар,

Зұлымның аузы зорлығып жасырар.*

 

 7Әділді есіне алған жұрт шүкір етер,

Ал зұлымның есімі құрып кетер.

 

 8Дана нұсқауларды ықыласпен қабылдар,

Надан өз сөзінен сүрініп құлар.

 

 9Таза жүрген аман жүрер,

Қисық жолдағы әшкереленер.

 

 10Көзін қысып белгі берген ыза келтірер,

Ал мылжың бос сөзінен жапа шегер.

 

 11Әділдің аузынан өмір қайнар,

Зұлымның аузы зорлығып жасырар.

 

 12Өшпенділік араздық туғызар,

Сүйіспеншілік бар күнәны жабар.*

 

 13Зерделінің аузынан даналық шығар,

Парасаттан бас тартқан жазасын тартар.

 

 14Данышпан білімін сақтап қояр,

Ақымақ аузымен пәле шақырар.

 

 15Байдың қорғаны — өз байлығы,

Жарлының пәлесі — өз жоқшылығы.

 

 16Әділдің өнімі — өмірге,

Зұлымның табысы — күнәға.

 

 17Тәрбиеге мойынсұнған өмірге жол бастар,

Ескертуді елемеген өзгені де азғырар.*

 

 18Қастығын жасырғанның тілі жалған,

Өсек-аяң таратқан — ақымақ жан.

 

 19Сөзуар құтыла алмас күнәдан,

Ақылды өз аузына ие болған.

 

 20Әділдің тілі — таңдаулы күміс,

Зұлымның ой-ниеті — түкке тұрғысыз.

 

 21Әділдің тілі көпке ақыл берер,

Наданның зердесіздігі түбіне жетер.

 

Тәңірді шын қастерлеу ғұмырды ұзартар

 

 22Жаратқанның жарылқауы адамды бай қылар,

Уайымыңнан қосымша пайда болмас.*

 

 23Зердесізге зұлымдық ләззат,

Зерделіге даналық ләззат.

 

 24Арам жан қорыққанына тап болар,

Әділдің аңсағаны орындалар.

 

 25Құйын өтіп кетсе арамза ғайып болар,

Ал әділдің негізі мәңгі берік болар.

 

 26Қышқыл* тіске түтін көзге кесел,

Жалқау өзін жұмсағанға кесел.

 

 27Тәңірді шын қастерлеу ғұмырды ұзартар,

Ал зұлымдардың ғұмыры қысқартылар.

 

 28Әділдің күткені шаттыққа апарар,

Зұлымның үміті бекерге болар.

 

 29Тәңір жолы мінсіз жанға қорған болар,

Ал зұлымдық істеушінің көзін құртар.

 

 30Әділ жан ешқашан шайқалмас,

Зұлым жан елінде тұра алмас.

 

 31Әділ даналықты шыңдай түсер,

Өтірікші лайық жазасын шегер.*

 

 32Әділдің аузынан ізгі сөз шығар,

Арамзаның аузынан азғын сөз шығар.


 


*1 Сүлейменнің толық жинағы үш мың нақыл сөз қамтыған (Патша. 3-ж. 4:32).

*6 Немесе: зорлыққа толар.

*12 Яғни: кешірер (17:9; 28:13; Забур жыр. 31:1,5).

*17 Немесе: Тәрбиеге мойынсұнған өмірге бағыт алған, ескертуді елемеген жолдан адасқан.

*22 Немесе: Уайым-қайғыға ол душар қылмас.

*26 Яки: сірке суы.

*31 Немесе: өтірікшінің тілі кесілер. (Бұл айтылғандар тек ауыспалы мағынада ғана ниеттелген).

 

 

 
 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ