uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

 1Жалған таразы Тәңірге жиренішті,

Адал таразы Оған ұнамдысы.

 

 2Менмендікке масқара серік,

Кішіпейілге даналық серік.

 

 3Әділ жанды адалдығы жетелер,

Арамзаның түбіне сұмдығы жетер.

 

 4ҚаҺарлы күнде* байлықтан пайда болмас,

Ал әділдік өлімнен аман сақтар.

 

 5Таза жанның әділдігі жолын түзер,

Арамзаны зұлымдығы сүріндірер.

 

 6Әділді адалдығы құтқарар,

Алдамшы ашкөздігінен ұсталар.*

 

 7Арамза өлгенде үміті үзілер,

Зұлымның күткені босқа кетер.*

 

 8Әділ жан пәледен құтқарылар,

Арамза оның орнына соған ұшырар.

 

 9Арсыз сөзімен жақынын жояр,

Әділ парасатымен аман қалар.

 

 10Әділдің амандығына қала қуанар,

Зұлымның құруына мәз-мейрам болар.

 

 11Әділдің ақ батасымен қала өркендер,

Зұлымның жалған тілінен бытырап кетер.

 

 12Ақылсыз жақынын келекелер,

Ақылды аузына ие боп жүрер.

 

 13Өсек тасыған сырыңды ашар,

Адал жан ісіңді құпия сақтар.

 

 14Жетекшіге зәру ел тозар,

Кеңесшісі мол ел озар.

 

 15Бөтенге кепіл болған пәлеге ұшырар,*

Кепілдіктен бас тартқан қауіпсіз болар.

 

 16Сүйкімді әйел абыройға бөленер,

Күш сала істеген байлықты иемденер.*

 

Әділдің тілегені жақсылықпен бітер

 

 17Қайырымды өз жанына рақым табар,

Қатыгез өз тәніне зиян туғызар.

 

 18Арамза өткінші өнім жинайды.

Әділдік сепкеннің сыйы тозбайды.

 

 19Шын әділдік өмір сыйлар,

Зұлымдыққа ұмтылған өлім табар.

 

 20Зымиян жаннан Жаратқан жиренер,

Мінсіз жүргенге қатты сүйсінер.

 

 21Сөз жоқ, зұлым жазасын тартар,

Әділдің ұрпағы аман құтылар.

 

 22Әдемі, бірақ әдепсіз әйел заты

Мұрны алтын сырғалы шошқа сияқты.

 

 23Әділдің тілегені жақсылықпен бітер,

Зұлымның күткені ашу-ызамен бітер.

 

 24Қолы ашық адам байи түсер,

Тым сараң жан кедейлене түсер.

 

 25Жомарт жан игілікке кенелер,

Басқаны сергіткен өзі де сергір.*

 

 26Аштықта астық жасырғанды жұрт қарғар,

Астығын елге сатқанға батасын жаудырар.

 

 27Жақсылыққа ұмтылған рақым іздеп табар,

Зұлымдыққа ұмтылған зұлымдыққа тап болар.

 

 28Байлығына сенім артқан сүрінер,

Ал әділ жан жапырақтай көгерер.

 

 29Отбасының берекесін кетірген дымсыз қалар,*

Зердесіз зерделіге қызмет қылар.

 

 30Әділ жан жемісі өмір сыйлар ағашқа ұқсар,*

Зерделі жан адамдарды даналыққа тартар.

 

 31Әділ жан бұ дүниеде тиістісін алмақ,

Арамза, күнәкар одан бетер жазаланбақ.


 


*4 Яғни, Құдай адамдарға қаҺарын төгетін күнде.

*6 Немесе: Алдамшы заңсыздығының торына түсер.

*7 Немесе: Сүйенген күш-қуаты құрып кетер.

*15 6:1-5; 22:26-27.

*16 Немесе: Күш көрсеткендер байлық (қана) иемденер.

*25 Немесе: Басқаның шөлін қандырған өзі де сусынданар.

*29 Яки: берекесін кетірген адамның үлесіне жел ғана тиеді.

*30 15:4; Жаратылыс. баст. 2:9.

 

 

 
 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ