uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

 1Тәрбиесін ұнатқан — білімді де ұнатқан,

Ал ескертуді жек көрген — санасыз надан.

 

 2Ізгі жанды Жаратқан ұнатар,

Зымиянға Ол үкімін шығарар.

 

 3Адам зұлымдықпен аман болмас,

Ал әділдің негізі мызғымас.

 

 4Ізгі әйел күйеуінің абыройын асырар,

Арсыз әйел күйеуінің қуатын тауысар.*

 

 5Әділдің ой-ниеті әділетті,

Арамзаның кеңесі алдамшы.

 

 6Зұлымның сөзі қан төгер тұзақ құрар,

Әділдің сөзі пәледен құтқарар.

 

 7Зұлым құлап, із-түзсіз жоқ болар,

Әділдің шаңырағы берік тұрар.

 

 8Ақылына қарап адамды мақтар,

Ойы бұзық жан жексұрын болар.

 

 9Кеуде көтеріп аш жүргеннен гөрі,

Адал еңбек еткен* қарапайым жан игі.

 

 10Ізгі жан малының да қамын ойлар,

Арамзаның жүрегі қатыгез болар.

 

 11Жерін өңдегеннің қарны тоқ,

Бос қиял қуғанның ақылы жоқ.

 

 12Зұлымның олжасына сұрқия көз салар,

Тамыры берік әділ жан жемісті болар.

 

 Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам

 

13Арамза жалған сөзінен ұсталар,

Әділ жан пәледен аман құтылар.

 

 14Аузынан шыққан жақсы сөзі адамды тоқ қылар,

Еңбек еткен қолы да ақысын алар.

 

 15Ақымақ жүрген жолым тура дер,

Саналы жан кеңеске құлақ түрер.

 

 16Ақымақтың ашуы бірден бетіне шығар,

Ақылды жан шеккен жәбіріне немқұрайды қарар.

 

 17Білген шындығын айтқан әділдікті паш етер,

Жалған куәгер опасыздық етер.

 

 18Мылжың тілімен семсердей шағар,

Дана тілімен жан жарасын* сауықтырар.

 

 19Шыншылдың сөзі мәңгілік,

Өтірікшінің сөзі бір-ақ сәттік.

 

 20Зұлымдық ойлағанның жүрегі толған сұмдық,

Татулық ойлағанның жүрегі толған шаттық.

 

 21Әділге күнәның кесірі жұқпас,

Зұлым толған пәлесінен арылмас.*

 

 22Жалған тіл Жаратқанға жиренішті,

Ақиқатты айтатын Оған сүйкімді.

 

 23Зерделі білімін жасырар,

Зердесіз надандығын жариялар.

 

Еңбекқордың меншігі құндана түсер

 

 24Еңбекқор қол билікке жеткізер,

Жалқау қол құлдыққа түсірер.

 

 25Сары уайым адамның еңсесін басар,

Жақсы сөз оның көңілін тасытар.

 

 26Әділ жан серіктерін ақ жолмен бастар,

Арамзаның жолы оларды адастырар.

 

 27Жалқау аң аулап, етін қуырудан ерінер,

Ал еңбекқордың меншігінің құны арта түсер.*

 

 28Әділдік жолында шынайы өмір бар,

Онымен жүрген мәңгі өлімнен* құтылар.


 


*4 Немесе: Еңбекқор әйел — күйеуінің «тәжі», ұятқа қалдыратын әйел — сүйегіндегі іріңді жара іспетті (Рут 3:11).

*9 Немесе: бір қызметшісі болған.

*18 Яғни: жаралы жанды (4:22; 15:4).

*21 1:29-32; 11:5-8.

*27 10:4; 13:4.

*28 Яки: тозақтан.

 

 

 
 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ