uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

13.  Данамен жолдас болған дана болар

 1Ақылды бала әке тәрбиесін* қабыл алар,

Ал мысқылшыл ескертуге құлақ аспас.

 

 2Адам игі сөздерінің жемісін көрер,

Ал опасыз жан зорлық-зомбылық көздер.

 

 3Аузына ие болған өмірін сақтар,

Аузын айқара ашқан пәлеге ұшырар.

 

 4Жалқау мол аңсағанмен аз алар,

Ынтамен еңбек еткен тоқ болар.

 

 5Әділ өтірік сөзді жек көрер,

Зұлым арсыз ісімен абыройын төгер.

 

 6Таза жанды әділдігі аман сақтар,

Күнәкарды зұлымдығы құлатар.*

 

 7Бай болғансыған біреудің түгі де жоқ,

Ал кедейсіген басқаның байлығы тоқ.

 

 8Байлық байдың өміріне төлем болар,

Ал кедей қоқан-лоқыдан аман болар.

 

 9Әділдің нұры жарқырап жанар,*

Зұлымның шырағы өшіп қалар.

 

 10Менмендік дау-жанжал туғызар,

Даналық ақылдасқандарда болар.

 

 11Оңай олжа тез таусылар,

Еңбекпен жинаған* байлығын молайтар.

 

 12Ұзаққа созылған үміт жүрек қажытар,

Орындалған тілек өмірді құлпыртар.

 

(Данамен жолдас болған дана болар)

 13Нақыл сөзді елемеген кесірін көрер,

Нұсқауды құрметтеген пайдасын көрер.

 

 14Данышпанның тәлімі — өмір бұлағы,

Адамды ол ажал торынан құтқарады.

 

 15Ақыл-парасат адамды ұнамды қылар,

Зымиянның жолы тым ауыр болар.

 

 16Зерделі білгірлікпен әрекет етер,

Зердесіз надандығын паш етер.

 

 17Нашар өкіл пәлеге тап болар,

Адал өкіл амандық орнатар.

 

 18Тәрбиеден безген жоқтық пен масқараға ұшырар,

Ескертуге көңіл бөлген қадір-құрметке ие болар.

 

 19Аңсағаны іске асса көңіл сүйсінер,

Арам ісінен қайтудан надан жиренер.

 

 20Данамен жолдас болған дана болар,

Наданмен жолдас болған бұзылар.*

 

 21Күнәкардың соңынан пәле қалмас,

Әділ жан ізгі сыйынан ада қалмас.

 

 22Ізгі жанның мұрасы үрім-бұтағына қалар,

Күнәкардың байлығы әділге сақталар.

 

 23Кедей жыртқан тың жерден егін бітік шығар,

Әділетсіздіктің кесірінен бірсыпырасы ұрланар.*

 

 24Жазасын тартқызбаған* баласын сүймейді,

Баласын сүйген жасынан тәрбиелейді.

 

 25Әділ жан тамағын тойып ішер,

Арамның қарны аш жүрер.


*1 Немесе: әкенің өсиетін (4:1; 8:33).

*6 Немесе: теріс жолға бұрар.

*9 Яки көңілді жанар (4:18-19; Патша. 2-ж. 23:3-4; Даниял 12:3).

*11 Немесе: қолмен (біртіндеп) жинаған.

*20 Немесе: пәлеге ұшырар.

*23 Немесе: Ретсіздіктің кесірінен бірсыпырасы сыпырылып тасталар.

*24 Яғни, тиянақты тәрбие бермеген.

 

 

 
 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ