uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

14. Ақылдылық және аңғалдық

 1Ақылды әйел үйін өркендетер,

Ақылсыз әйел үйін өз қолымен күйретер.

 

 2Тура жолмен жүрген Тәңірді қастерлейді,

Қисық жолға түскен Оны менсінбейді.

 

 3Ақымақ паң сөздері үшін жазаланар,

Ақылдының сөздері аман сақтар.

 

 4Өгізі жоқтың қорасы таза тұрар,*

Ал өгіздің күшінен пайда мол болар.

 

 5Адал куәгер өтірік айтпас,

Жалған куәгер өтірігін доғармас.

 

 6Мысқылшыл даналықты іздеп таппас,

Зерделіге білім жинау қиын болмас.

 

 7Аулақ жүр ақымақтың қасынан,

Ақылды сөз шықпас оның аузынан.

 

 8Естінің даналығы — жолын ұғынуы,

Ессіздің надандығы — алданып адасуы.

 

 9Надандар күнәны күлкі қылар,

Әділдер арасында ізгілік орнар.

 

 10Өз қайғысы әркімнің өзіне аян,

Қуанышын да бөлісе алмас бөтен жан.

 

 11Қылмыстының үйі құрып кетер,

Әділдің мекені гүлденіп өркендер.

 

 12Адамға түзу болып көрінген жолдар да бар,

Ақырында олар ажалға бастар.

 

 13Күлгенде кейде жүрегің сыздар,

Қуаныш кейде қайғымен аяқталар.

 

Сөзің мен ісіңді ой елегінен өткіз

 

 14Азғын жан тиесілі жазасын алар,

Әділ жан тиесілі сыйын алар.*

 

 15Аңғал кез келген сөзге нанар,

Есті қадамын байқап басар.

 

 16Ақылды абай болып, пәледен безер,

Ақылсыз өр көкірек, бейқам келер.

 

 17Ашушаң мінезді ақымақтық жасар.

Арамдық ойлаушы жексұрын болар.

 

 18Ақымақтық — аңғалдың алар үлесі,

Білімділік — дананың алар тәжі.*

 

 19Жақсының алдында зұлым басын иер,

Әділдің қақпасында арамза тізесін бүгер.

 

 20Кедейге жақыны да менсінбей қарар,

Ал байға доссымақтар* көп болар.

 

 21Жақынын жек көрген күнә жасар,

Жарлыға игілік еткен жарылқанар.*

 

 22Зұлымдық ойлаған жолдан адасып кетер,

Игілік ойлаған мейірім мен адалдық көрер.

 

 23Әр бейнеттің зейнеті бар,

Бос сөзден тек жоқшылық шығар.

 

Әділдігі халықтың дәрежесін көтерер

 

 24Дананың алар тәжі — байлық,

Наданның алар үлесі — ақымақтық.

 

 25Адал куәгер адам жанын сақтар,

Жалған куәгер көпті алдар.

 

 26Тәңірді терең қастерлеу — берік сүйеніш,

Келер ұрпақ та* бас сауғалар қорғаныш.

 

 27Тәңірді терең қастерлеу — өмірдің бұлағы,

Ажалдың тұзағынан адамды алыстатады.

 

 28Патшаның ұлылығы — халқының көптігінде,

Ал бақытсыздығы — соның аздығында.

 

 29Ұстамды жанның түсінігі мол,

Қызба жанның ақымақтығы мәлім.

 

 30Жан тыныштығы ғұмырды ұзартар,

Ал қызғаныш денеге жара салар.*

 

 31Кедейді қанаған — Жаратушысын менсінбеген,

Кедейді аяған — Жаратушысын қастерлеген.

 

 32Арамза өз күнәсынан опат болар,

Ал әділдің өлерде де үміті болар.

 

 33Даналық зерделінің жүрегіне орнығар,

Аңғалдардың арасынан да өзін танытар.

 

 34Әділдігі халықтың дәрежесін көтерер,

Заңсыздығы* халықты масқара етер.

 

 35Парасатты нөкері патшаға жағар,

Масқара болғаны ашуын туғызар.


*4 Немесе: оттығы бос тұрар.

*14 Яки: Азғын жан жүрген жолдарының жемісіне тояр, әділ жанға да солай болар.

*18 Яғни, құрметі.

*20 Немесе: (жалған) достар.

*21 Немесе: Жарлыға игілік еткен бақытты болар.

*26 Немесе: Оның рухани балалары (Ошия 1:10; Ишая 63:16; 64:8).

*30 Немесе: қызғаныш сүйегіндегі іріңді жарадай (12:4).

*34 Яки: Күнәсы.

 

 

 
 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ