uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6

РУХАНИ ӨМІР

 

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

1Адам жүрегінде жоспар құрар,

Ал соның жауабы Жаратқаннан болар.*

 

 2Адамға күллі істері жөн іспетті,

Ал Жаратқан Ие тексереді ой-ниетті.

 

 3Жаратқанға сеніп тапсыр бар ісіңді,

Сонда құрған жоспарың болар өнімді.

 

 4Тәңір Ие бәрін де өз мақсатына сай жасар,

Осылай арамзаны апатты күнге қалдырар.

 

 5Жаратқан Иеге жексұрын — жүрегі паңдар,

Шүбә жоқ, жазасыз қалмайды олар.

 

 6Рақым және шындықпен күнәлар кешірілер,

Тәңірді шын қастерлейтін күнәдан аулақ жүрер.

 

 7Адамның жолы Жаратқанға ұнаса,

Тату қылар соның жауларын да.

 

 8Ағыл-тегіл арам кірістен гөрі,

Аз болса да адал пайда игі.

 

 9Жүрер жолын адам жүрегінде жоспарлар,

Ал оның қадамдарын Жаратқан Ие бағыттар.

 

Ізгі басшылықпен ел өркендер

 

 10Патшаның сөзі Тәңірдің шешімі іспетті,

Ол әділ билік айтуға тиісті.

 

 11Адал таразы ? Тәңірдің талабы,

Өлшеуіш тастарға Ол назар аударады.

 

 12Патшаға зұлымдық жексұрын болар,

Әділдік оның тағын нығайтар.

 

 13Адал тілді патша жақтырар,

Ақиқат айтқанды ол ұнатар.

 

 14Патша қаҺары — ажал жаршысы,

Ал ақылды жан соны басады.

 

 15Патшаның жылы жүзі жігерлендірер,

Ризашылығы көктемгі жаңбырдай сергітер.

 

Ақылдыға естілік — өмір бұлағы

 

 16Даналық иемденгенің алтыннан да қ?нды,

Естілік иемденгенің саф күмістен тиімді.

 

 17Әділдің ақ жолы зұлымдықтан алыстатар,

Жолына қырағы жан өмірін аман сақтар.

 

 18Менмендік — күйреудің басы,

Асқақтық — құлаудың алды.

 

 19Асқақпен олжа бөліскенше,

Кедеймен кішіпейіл болған артық.

 

 20Ақылмен еңбек еткен* игілік табар,

Жаратқанға сенім артқан бақытты болар.

 

 21Жүрегі дананы зерделі дер,

Ұнамды тіл әсерлі тәлім берер.

 

 22Ақылдыға естілік — өмір бұлағы,

Ақымақтық ақылсызға — тартар жазасы.

 

 23Дананың ақылы сөзін де дана қылар,

Аузынан тәлімді сөз* шығарар.

 

 24Ұнамды сөз балдай тәтті,

Жаныңа жағымды, тәніңе шипалы.

 

 25Адамға түзу болып көрінген жолдар да бар,

Ақырында олар өлімге апарар.

 

 26Тәбеті жұмысшыға жұмыс істетер,

Аштығы оған еңбек еткізер.

 

 27Сұрқия адам зұлымдық ойлайды,

Айтқан сөзі жалындай жалмайды.

 

 28Арамза араздық туғызар,

Өсекші достарды айырар.

 

Адамның ой-ниеті әшкере болар

 

 29Жауыз адам жолдасын аздырар,

Еліктіріп теріс жолға салар.*

 

 30Көзін сығырайтатын сұмдық ойластырар,

Ернін жымқыратын зұлымдық дайындар.

 

 31Ағарған шаш — салтанатты тәж,

Ақ жолмен жүрген қол жеткізер.

 

 32Сабырлы жан жауынгерден артық,

Ұстамды жан басқыншыдан* артық.

 

 33Лақтырған жеребең алдыңа түсер,

Оның шешімін Жаратқан Ие берер.


*1 16:9; 19:21.

*20 Немесе: Ақыл сөзге ден қойған.

*23 Немесе: адамды сендіретін сөз.

*29 1:10-16; 12:26.

*32 Яки: қаланы басып алғаннан.

 

Ақылды жан даналықты назарында ұстар>>>

 

 

  1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ