uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

 1Жанжалды үйдің мол етінен гөрі

Татулықпен жеген қатқан нан игі.

 

 2Арсыз ұлды ұғымпаз құлы билер,

Ағайындарымен бірге мұрасын бөлісер.

 

 3Күмісті қорытып, алтынды көрікте сынар,

Адамның жүрегін Жаратқан Ие сынар.

 

 4Зұлымдық істеуші залым тілге құлақ асар,

Өтірік айтушы сұмдық тілге ден қояр.

 

 5Кедейді тілдеген Жаратушысын қорлайды,

Сәтсіздікке қуанған жазасыз қалмайды.

 

 6Қарттардың тәжі — немере-шөберелері,

Балалардың мақтанышы — әке-шешелері.

 

(Ақылды жан даналықты назарында ұстар)

 7Өрелі сөз ақымаққа жараспас,

Өтірік сөз мырзаға* жараспас.

 

 8Сый-тартуы берушіге сиқырлы тасқа ұқсар,

Қайда барса да ісі табысты болар.

 

 9Қатені кешіретін достықты нығайтар,*

Ал оны айта беретін досынан айырылар.

 

 10Ақылсызға берген жүз дүреден гөрі

Ақылдыға берген бір сөгіс әсерлі.

 

 11Бүлікші тек зұлымдық көздер,*

Оған қарсы қатал өкіл жіберілер.

 

 12Наданның ақымақтығына тап болғанша,

Қонжығынан айырылған аюға тап бол.

 

 13Жақсылыққа жамандық қайтарған

Өз үйіне үздіксіз пәле шақырған.

 

 14Басталған ұрыс тасқын суға ұқсас,

Жанжал қызбай тұрып, дауды бас.

 

 15Ақтау кінәлыны, айыптау кінәсызды —

Екеуі де Жаратқан Иеге жиренішті.

 

 16Наданның қолындағы ақшадан не пайда,

Даналықты меңгеруге құлшынысы* болмаса?

 

 17Шынайы дос әрдайым жақсы көрер,

Қиыншылықта бауырыңдай көмектесер.*

 

 18Ұғымсыз жан қол алысар,

Басқаның қарызына кепіл болар.*

 

 19Жанжалды сүйген күнәны ұнатқан,

Қақпасын биік салған* пәле шақырған.

 

 20Қастық ойлаған жақсылық таппайды,

Жалған сөйлеген пәлеге ұшырайды.

 

 21Надан ұл өзін туғанға сор,

Ақымақтың әкесі қуаныштан құр.

 

 22Көтеріңкі көңіл шипа болар,

Жабырқаңқы көңіл тәнді қуартар.

 

 23Арамза жасырын пара алар,

Әділет жолын бұрмақ болар.

 

 24Ақылды жан даналықты назарында ұстар,

Ақымақтың көзі жер түбін шарлар.

 

 25Надан ұл әкесін қапаландырар,

Туған анасын ашындырар.

 

 26Әділ жанды жазалауға болмас,

Мырзаны адалдығы үшін дүрелеу жараспас.

 

Тілде өмір мен өлімнің билігі бар

 

 27Есті адам байыппен сөйлер,

Ұғымды жан байсалды жүрер.

 

 28Үндемесе тіпті наданды саналы дер,

Аузына ие болса дана болып көрінер.


*7 Яки: жомарт билеушіге (17:26; 19:6; 26:1).

*9 10:12.

*11 Немесе: Зұлым жан тек бүлік көздер.

*16 Немесе: зердесі.

*17 Немесе: Бауырың қиыншылықта көмектесу үшін туған.

*18 6:1-5; 11:15; 22:26.

*19 Яки: Тәкаппарлық көрсеткен (16:18; 29:23).

 

 

 
 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ