uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6

РУХАНИ ӨМІР

 
21. Патшаның жүрегі Жаратқанның қолында 
 
 1Патшаның жүрегі Жаратқанның қолында 
Ұқсайды аққан суға өзен салаларында, 
Жаратқан бағыттайды оны қалаған жағына. 
 
 2Өз жолы адамға түзу боп көрінер, 
Ал оның жүрегін Жаратқан тексерер. 
 
 3Адамның адалдық пен әділдік сақтағаны 
Жаратқанға құрбандық шалғанынан ұнамды. 
 
 4Көз тәкаппарлығы, жүректің асқақтығы, 
Бәрі де күнә — зұлымның қылықтары.* 
 
 5Ұқыптының ой-ниеті дәулетке бастар, 
Тым асыққан тапшылыққа ұшырар. 
 
 6Жалғандықпен жиналған байлық — 
Ұшып кетер бу Һәм ажалды тұзақ. 
 
 7Зұлымның зомбылығы өзін жоқ қылар, 
Әділ істен бас тартқаны себепшісі болар. 
 
 8Айыптының жолы — қисық соқпақ, 
Айыпсыздың жүрісі түзу болмақ. 
 
 9Ұрысқақ әйелмен бір үйде тұрғанша 
Үй төбесіндегі күркеде тұрған* артық оңаша. 
 
 10047;ұлымның жаны сұмдық көздер, 
Өз жақынына қаталдық көрсетер. 
 
 11Мазақшыл жазаланса, аңғырттың даналығы артар, 
Дана жан тәлім алса, ол содан білім қабылдар. 
 
 12Әділ Иеміз* зұлымның үйін бақылар, 
Зұлымды құлатып, көзін құртар. 
 
 13Жарлының зарына құлағын жабатын 
Таппас өз зарына құлақ асатын. 
 
 14Жасырын тарту ашуды тыншытар, 
Құпия сыйлық зор қаҺарды басар. 
 
 15Әділдік жасалса әділдер қуанар, 
Ал зұлымдық жасаушылар шошынар. 
 
 16Даналық жолынан адасқан — 
О дүниеге жақында орнығар жан. 
 
 17Кедейленер аса сауықшыл жан, 
Байи қоймас шарап, майға құмартқан. 
 
 18Арамза жан әділдің төлемі болар, 
Опасыз жан адалдың төлемі болар.* 
 
 19Ұрысқақ, ызақор әйелмен тұрғанша, 
Оңаша тұрған артық айдалада. 
 
 20Дананың мекені ырыс-дәулетке* толар, 
Ал надан өзінде барды шашар. 
 
 21Әділдік пен берік мейірім жолынан 
Шын өмір, әділет, құрмет табады жан. 
 
 22Күштілердің қаласын кемеңгер басып алар, 
Олар сенген қамалдың күл-талқанын шығарар. 
 
 23Тілі мен аузына ие болған 
Пәледен басын сақтар аман. 
 
 24Өр көкірек, паң адамды мысқылшыл дер, 
Асқан менмендікпен ол әрекет етер. 
 
 25Жалқауды құмарлықтары құртар, 
Себебі қолы жұмыстан қашар. 
 
 26Жалқау жан күні бойы алуды көксер, 
Ал әділ жан мұқтажға аямай берер. 
 
 27Зұлымның құрбандығын Тәңір жек көрер, 
Арам оймен ұсынса одан да бетер. 
 
 28Өтірік айтатын куә құрып кетер, 
Ал өз құлағымен естігеннің сөзі өтер. 
 
 29Азғын жан сондай батыл болып көрінер, 
Әділ жан жүрер жолына көңіл бөлер. 
 
 30Ешбір даналық, түсінік пен кеңес 
Жаратқан Иеге қарсы келмес. 
 
 31Жауынгер шайқасқа атын дайындар, 
Ал жеңісі Жаратқаннан болар. 

*4 Немесе: зұлымның шырағы (яки жанары).

*9 Яғни, үйдің жалпақ төбесінің бұрышындағы қарапайым күркеде

*12 Немесе: Әділ жан.

*18 11:8-ді қараңыз.

*20 Немесе: таңдаулы қазыналар мен майға.

 

 

 

 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ