uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6

РУХАНИ ӨМІР

 
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан 
 1Ізгі атағың бағалы зор байлықтан, 
Жақсы абыройың құнды күміс-алтыннан. 
 
 2Бай мен жарлының ортақ қасиеті: 
Екеуін де жаратқан Тәңір Иесі. 
 
 3Зерделі жан қатер көріп бас сауғалар, 
Аңғал адам жүре беріп, зиян табар. 
 
 4Тәңірді терең қастерлейтін кішіпейілдер 
Байлық, абырой, шын өмірге кенелер. 
 
 5Зымиянның жолы тікен мен торға толған, 
Өзіне сақ болған аулақ жүрсін содан. 
 
 6Баланы жастан салсаң тура жолға, 
Есейгенде ол содан таймайды да. 
 
 7Бай адам жарлыға үстемдік құрар, 
Қарыздар қарыз бергеннің құлы болар. 
 
 8Зұлымдық сепкен пәлені орар, 
ҚаҺарының сойылы сынып қалар. 
 
 9Жомарт жан жарлымен нанын бөлісер, 
Құдайдың жарылқауына кенелер.* 
 
 10Қорлаушыны қусаң, жанжалдан арыларсың, 
Ұрыс-керіс, балағаттан ада боларсың. 
 
 11Жүрек пәктігін жақтыратын, 
Ұнамды сөздерді айтатын 
Жанға патша да болар жақын. 
 
 12Жаратқан Ие білімге қырағы болар, 
Опасыздардың істерін Ол құлдыратар. 
 
 13«Далада арыстан бар, 
Алаңда көзімді құртар» 
Деп жалқау сылтау айтар. 
 
 14Азғын әйелдің сөздері — терең шыңырау, 
Тәңір жақтырмаған пенде соған құлар-ау. 
 
 15Баланың жүрегінде надандық бар, 
Тиянақты тәрбие* содан арылтар. 
 
 16Баюы үшін кедейге жәбір көрсететін 
Әрі байға сыйлықтар бере беретін 
Адам болады кедейленетін. 
 
ОТЫЗ ТАҢДАУЛЫ НАҚЫЛ СӨЗ 
 
 17Даналардың айтқандарын құлақ түріп тыңда, 
Бермек тәліміме зейініңді бағышта! 
 18Игі болар лайым оларды есіңде сақтасаң, 
Әрі аузыңнан да ешбір тастамасаң. 
 19Сенімің болсын деп Иемізде 
Осыны бүгін үйретемін дәл өзіңе. 
 20Саған ақыл-кеңес, тағылым беру үшін 
Мына отыз нақылды* жазғанмын, 
 21Ақиқат, адал сөздер үйренуің үшін, 
Өзіңді жібергенге дәл жауап беруің үшін: 
 
1 
 22Жарлыны жарлы деп тонама, 
Дау сотында бейшараны қыстама! 
 23Солардың мүдделерін Жаратқан қорғайды, 
Оларды тонағандардың өздерін тонайды. 
 
 24Ызақормен дос болма, 
Ашушаңмен байланыспа. 
 25Әйтпесе өзің соған еліктейсің, 
Тұзаққа түсіп, күйреп кетесің. 
 
3 
 26Қол алысып, бөтеннің қарызына 
Кепіл болатындай ақылсыз болма!* 
 27Болмағанда төлейтін ақшаң 
Төсегіңді тартып алар астыңнан. 
 
4 
 28Ата-бабаң салып кеткен межеңді 
Жасырын жылжытып, ұлғайтпа жеріңді. 
 
5 
 29Кездестірсең біреуді ісіне аса шебер, 
Жай адамдарға емес, патшаларға қызмет етер. 

*9 11:25; 19:17; 28:27.

*15 Яки: Қажетті шектеу қою.

*20 Немесе: Мына таңдаулы нақылдарды.

*26 6:1-5.

 

Балам, жүрегіңді Маған бағышта>>>

 

 

 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ