uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6

РУХАНИ ӨМІР

 

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

6

 1Әміршімен дастарқандас болған уақытыңда

Алдыңда кімнің барын есіңде ұста.

 2Қомағай да ашқарақ болып жүрме,

Тамағыңа пышақ тақағандай тәбетіңді бөге.

 3Әміршінің дәмді тағамдарына болма құмар,

Мүмкін, ол қу ниетпен ұсынған шығар.

 

7

 4Бай боламын деп өзіңді зорықтырма,

Даналық бар сондай ойдан бас тартқанда.

 5Байлыққа көзіңді салсаң, ол қанат бітіп

Аспанға ұшқан бүркіттей лезде болар ғайып.

 

8

 6Сараңның асын ішпе,

Дәмді тағамдарын көксеме.

 7Ол қара басының ғана қамын ойлайды,

«Ішіп-же» деп сені қолпаштайды,

Бірақ онысын шын жүректен айтпайды.

 8Аз-кем жеген асыңды кейін құсып тастарсың,

Зая кетер инабатты айтқандарың.

 

9

 9Зая қылма ақымаққа сөздеріңді,

Менсінбейді ол берген кеңесіңді.

 

10

 10Ежелгі межені жасырын жылжытпа,

Жетімнің жеріне қолыңды сұқпа!

 11Өйткені оны Қорғаушы қуатты,

Мүддесін қорғап саған қарсы тұрады.

 

11

 12Санаңды тәлімге бұр,

Құлағыңды нақылға түр.

 

12

 13Баланы тәрбиесіз, бетімен жіберме,

Жөнімен жазаласаң ол өлмейді де.

 14Шектеу қойып, жөнге салсаң,

Ажалдан жанын аман сақтарсың.

 

13

 15Балам, егер сен дана болсаң,

Жүрегім қатты шаттанады бұған.

 16Лайым ақиқат шықса аузыңнан,

Қуанышым қойныма сыймайды соған.

 

14

 17Күнәкарларды еш күндеме,

Тәңір Иені әр күні шын қастерле!

 18Сонда болар жарқын келешегің,

Һәм үзілмес сенің күдерің.

 

15

 19Ақылды бол, балам, мені тыңда,

Жүрегіңді тура жолға бағытта:

 20Шарап ішіп, етке тоймас

Мешкейлерге қосылма!

 21Мешкейлік, маскүнемдік жарлы қылар,

Ұйқышылдың киімі тоз-тоз болар.

 

16

 22Тыңда өзіңді дүниеге келтірген әкеңді,

Менсінбей жүрме қартайды деп шешеңді.

 23Шындықты тауып, оны ешқашан сатпа:

Ие бол даналық, тағылым мен парасатқа.

 24Әділдің әкесі қатты қуанады,

Дананың шешесі де шаттанады.

 25Әкең* сенің лайым шаттансын,

Туған шешең қатты қуансын.

 

17

 26Балам, жүрегіңді Маған бағышта,

Риза бол* өзіңді жүргізетін жолдарыма!

 27Себебі азғын әйел түпсіз шыңыраудай,

Өзгенің әйелі шыға алмас тар құдықтай.

 28Ол қарақшыдай торуылдап күтер,

Опасыз жандардың санын көбейтер.

 

18

 29Кімде пәле, қайғы, жанжал бар?

Кімде шағым, қажет емес жара бар?

Кімнің көзі көреді бұлыңғыр?

 30Мұның бәрі шарап ішіп,

Ұзақ отыратындарда болар,

Ішімдіктерді араластырып,

Дәмін тататындарда болар.

 31Шараптың қалай қызарып,

Тостағанда құбыла жалтырап,

Бір қалыпты жұмсақ жұтылғанына

Қызықтап қарайтын болма!

 32Ақыр соңында жыландай шағып алар,

Денеңе сұр жыландай уын шашар.

 33Көз алдыңа елестеп бөгде бейнелер,

Жүрегіңнен шығар жаман сөздер.

 34Сонда ұқсарсың теңіздің қақ ортасында,

Кеме діңгегінің ұшар басында

Ұйықтап жатқан сорлы жанға.

 35Былай дерсің: «Ұрғанда ауырмады ешбір жерім,

Итергенде мені түк те сезбедім,

Оянғанда тағы да ішімдікті іздеймін».


*25 Немесе: Әке-шешең.

*26 Немесе: Назар сал.

 

 

 

 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ