uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6

РУХАНИ ӨМІР

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

 

19

 1Зұлымдарды күндеме,

Қосылуды көксеме,

 2Ойлары — зорлық ету,

 Сөздері — сұмдық істеу.

 

20

 3Даналықпен үй салынар,

Парасатпен берік болар,

 4Білгірлікпен үйдің іші

Әр түрлі әсем дүниеге толар.

 

21

 5Дананың қуаты басым болар,

Білгірдің күші нығайып толар.

 6Соғысты ақыл-кеңеспен басқар,

Кеңесшісі көп жеңіп шығар.*

 

22

 7Даналық тым жоғары ақымаққа,

Аузын ашпас даналар жиынында.*

 

23

 8Сұмдық жасауды жоспарлаған жан

Арам ниетті деп аталған.

 9Ақылсыздың арам ойы күнәкар,

Мазақшыл жан жұртқа жексұрын болар.

 

24

 10Тап болған қиындыққа мойығаның —

Тым аздығы бойыңдағы қуатыңның!

 

25

 11Ажалға айдалып бара жатқандарды қ?тқар,

Қырғынға теңселіп бара жатқандарды қайтар!

 12«Біздер білген жоқпыз» дейсің бе?

Жүрек түкпірін сынайтын

Жаратқан шындықты білмей ме?

Лайым жаныңды бақылайтын

Тәңір білмей қалар дейсің бе?

Ісіне қарап әрбір жанның

Қарымтасын Ол береді де.

 

26

 13Балам менің, бал же, бойыңа ол нәрлі,

Балауыз ұясынан тамғанын же, таңдайыңа ол тәтті,

 14Дәл солай даналық та жаныңа игілікті.

Оны тапсаң жарқын болар келешегің,

Лайым үзілмес те үмітің сенің.

 

27

 15Сұрқия, тосқауылдан көз салма

Әділ жанның тұрағына,

Жайлы мекенін ойрандама!

 16Жеті рет жығылса да әділ жан,

Қайта тұрып кетер орнынан,

Ал зұлым құрып кетер апаттан.

 

28

 17Жығылса жауың қуанба,

Сүрінсе ешбір мәз болма!

 18Әйтпесе Тәңір наразы болар,

Жауыңа деген қаҺарынан қайтар.

 

29

 19Зұлымдарға ызаланба,

Арамзаларды қызғанба,

 20Болашағы жоқ зұлымның,

Шырағы ерте өшер зымиянның.

 

30

 21Балам, Жаратқанды шын қастерле,

Патшаңды да құрметте,

Бүлікшімен ешқашан бірлеспе!

 22Қосылсаң оған, бірден пәлеге ұшырарсың,

 Жаратқан мен патшаның үкімдерінің

Кім білер сені неге бұйыратынын?

 

(ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ)

 23Даналар мына нақылдарды да қалдырған.

 

Адамды алалау сот ісінде,

Бұл — өте әділетсіз нәрсе.

 24Айыптыны «әділ» деп ақтаған төрені

Сансыз халық қарғап, ұлттар жек көреді.

 25Ал айыптыны әшкерелегендер

Мол игілік пен жарылқауға кенелер.

 

 26Лайым адал жауап қайтарушы

Бетіңнен сүйген жанға ?қсайды.

 

 27Алдымен сыртқы шаруаңды бітір,

Егіндігіңді дайындап, жөнге келтір,

Содан соң барып, шаңырақ көтер,

 

 28Жақыныңа жала жаппа,

Аузыңнан өтірік шығарма!

 29Мынаны да айтушы болма:

«Ол не істесе маған,

Мен де соны істеймін оған,

Ісіне қарап мен оның қарымтасын

Қалай да қайтаратын боламын!»

 

 30Бірде мен өттім жалқаудың жерінен,

Ақылы аздың жүзімдігінен,

 31Қарасам, бәрін тікен басыпты,

Ішіне қалақай* қаптап кетіпті,

Қоршаған тас дуалы қирап қалыпты.

 32Бұған қарап, ойға шомып қалдым,

Өзім үшін мынадай сабақ алдым:

 33Біраз ұйықтап, аздап мызғып отырсаң,

Аз-аздан қол қусырып жата берсең,

 34Сонда қарақшыдай боп жоқшылық,

Қарулы тонаушыдай боп тапшылық

Жетіп келіп, саған бас салар.


*6 Немесе: Кеңесшісі көп аман сақталар.

*7 Немесе: Аузын ашпас қала қақпасында. (Қала қақпасының қасындағы алаңда дана ақсақалдар жиналып, кеңесетін.)

*31 Яки: арам шөп.

 

 

 

 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ