uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6

РУХАНИ ӨМІР

 

29.

 

 1Ескертуді тыңдамай, қасарысқан жан

Кенеттен күйреп, оңалмас содан.

 

 2Әділдер саны молайса халық қуанар,

Зұлымдар билік құрса халық ыңқылдар.

 

 3Даналықты сүйген жан әкесін қуантар,

Азғын әйелмен байланысқан байлығын шашар.

 

 4Патша әділдікпен елін нығайтар,

Парақұмар болса елін құлдыратар.

 

 5Досына жағымпазданған

Оның аяғына тор құрған.

 

 6Зұлым күнәсымен өзіне тор құрар,

Әділ қуанып, көңілді ән салар.

 

 7Әділ жан жарлының құқығын ойлар,

Зұлым соны білуден бас тартар.

 

 8Мазақшылдар қаланы даурықтырар,

Даналар ашу-ызаны басар.

 

 9Дана жан ақымақпен соттасса,

Ақымақ еліріп не күліп, бермес маза.

 

 10Қанқұмарлар мінсізді жек көреді,

Ал әділдер мінсіздің игілігін көздейді.

 

 11Аңғал бар ашуын төгер,

Дана өзін-өзі билер.

 

 12Әмірші өтірікке құлақ түрсе егер,

Бар нөкері арамза боп шыға келер.

 

 13Кедей мен қанаушыға ортақ нәрсе: *

Екеуіне де көз нұрын сыйлаған Тәңір Ие.

 

 14Кедейлерге әділ үкім шығарар

Патшаның тағы мәңгіге нығаяр.

 

 15Тиянақты тәрбие* мен ескерту

Баланы ақылды қылар,

Бетімен жіберілген бала

Анасын ұятқа қалдырар.

 

 16Зұлымдар көбейсе заңсыздық көбейер,

Кейін әділдер олардың күйреуін көрер.

 

 17Балаңа жақсылап тәлім-тәрбие бер,

Жаныңды ол тыншытып, шаттыққа кенелтер.

 

 18Құдайдың хабарын алмаса* халық бетімен кетер,

Ал Оның заңын ұстанғандар** бақытқа кенелер.

 

 19Жай сөзбен құлды тәрбиелеуге болмас,

Айтқанды ұқса да ол, іске асырмас.

 

 20Ағат сөйлейтін адамды көрсең,

Аңғалдан үміт көбірек күтерсің.

 

 21Жасынан еркелеткен құлың

Кейіннен болармын дер ұлың.*

 

 22Ашулы жан дау-жанжал туғызар,

Қызба жан көптеген күнә жасар.

 

 23Менмендік адамның мерейін түсірер,

Кішіпейілдік оны құрметке жеткізер.

 

 24Қарақшымен сыбайлас өз жанына қас,

Ол қарғанып ант беруге болар тиіс,

Ал шын куәлік беруге батылы жетпес.

 

 25Пендеден қорқу тұзақ құрар,

Жаратқанға сенген қауіпсіз болар.

 

 26Көп адам әміршінің ықыласын іздер,

Ал әділет адамға Тәңірден келер.

 

 27Әділдерге азғын адам жексұрын,

Зұлымдарға адал жүрген жексұрын.


*13 Немесе: Кедеймен қанаушы бір-біріне мына жерде кездесер.

*15 Яки: қажетті шектеу қою.

*18 Немесе: Ешкім Құдайдың хабарын (яки еркін) жеткізбесе.

**18 Немесе: Оның тағылымын ұстанғандар.

*21 Немесе: Кейіннен өз басыңа пәле болар.

 

 

 

 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

 

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ