uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6

РУХАНИ ӨМІР

 

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

 

 1Мынау Жәке ұлы Ағұрдың сөздері: Осы адамның Ітиелге, Ітиел мен Ұқалға білдірген Құдай Рухының хабары.*

 

 2Адамдардың білімсізі шынында менмін,

Адамға тән түсінігім де жоқ менің.

 3Даналықты оқып-үйренген емеспін,

Киелі Құдайды* жақыннан таныған емеспін.

 

 4Кім аспанға көтерілген?

Кім қайтадан жерге түскен?

Кім желді уысында ұстай алар?

Кім мұхитты шапанымен орап қояр?

Кім жердің шегін орнатқан?

Өзі мен Ұлының аты кім?

Білсең соны айтып берші Маған.

 

 5Құдайдың барлық сөздері пәк таза,

Ол қалқандай Өзін паналайтындарға.

 6Оның сөздеріне еш нәрсе қоспа,

Әйтпесе Ол саған ескертіп ұрсар,

Өтірігің ашылып жария болар.

 

 7Уа, Ием, сұраймын Сенен екі-ақ нәрсе,

Көзім жұмылғанша соларды аямашы:

 8Өтірік пен жалғанды менен алшақтатшы,

Кедейлік те, байлық та маған бұйырмашы,

Тек бере гөр күнделікті нанымды.

 9Себебі байып кетіп, «Жаратқан кім?»

Деп Сенен бас тартып кетпейін,

Жарлы болып, ұрлық жасап та жүрмейін,

Осылайша киелі атыңа кір келтірмейін.

 

 10Жамандама қожайынына қызметшісін,

Әйтпесе қызметші сені қарғап, зиянын шегерсің.

 

 11Бір ұрпақ бар, әкесін қарғайды,

Шешесіне де алғыс айтпайды,

 12Олар арамдығынан жуынып тазармайды,

Алайда өздерін пәк таза санайды.

 13Көздері сондай асқақ, тәкаппар,

Кірпіктерін жоғары көтереді олар.

 14Осы ұрпақтың тістері өткір қанжардай,

Олардың жақтары өткір пышақтай,

Жарлыны жер бетінен жалмап құртар,

Мұқтажды адамзат арасынан аластатар.

 

 15Сүліктің «Бер маған! Берші!»

Деген екі қызы* бар.

 

Мына үшеу тойым білмес,

Мына төртеу ешқашан «жетер» демес:

 16Қабірдің қара топырағы,

Әйелдің бедеу құрсағы,

Суға қанбас шөлейт жер,

«Жетер» демес ашкөз өрт.

 

 17Әкесін мазақтап келекелеген,

Шешесін тыңдамай менсінбеген

Жанның көзін шоқыр сайдағы қарғалар,

Әрі жеп қояр құзғындар.

 

 18Таңғалдырар мені үш, тіпті төрт нәрсе бар,

Шамам жоқ менің оларды ұғына алар:

 19Аспанда самғар қыранның жолы,

Жартаста жылжыған жыланның жолы,

Теңізде жүзген кеменің жолы,

Қыз жүрегінің кілтін тапқан жігіттің жолы.

 

 20Азғын әйел жолы да таңдандырар:

Ол ішіп-жеп, аузын сүртер,

«Еш жамандық істемедім» дер.

 

 21Мына үшеуден солқылдар жер,

Төртеуіне де төзе алмас жер:

 22Құл патша болса,

Ақымақ асқа тойса,

 23Жағымсыз қыз күйеуге шықса,

Ханымның орнын күңі басса.

 

 24Мына төртеу жердегі кішкенесі,

Алайда олар даналардың данасы:

 25Құмырсқа қауымы зор күштен ада,

Ал қысқы азығын жинайды жазда.

 26Әлсіздің бірі — тау тышқаны,*

Ал інін ол жартасқа салады.

 27Шегірткеде болмайды патша,

Алайда сап түзеп, аттанады жұмыла.

 28Кесірткені қолмен де ұстап алады,

Бірақ ол патша сарайынан да табылады.

 

 29Қадамын нық басады мына үшеу,

Айбынды қозғалады мына төртеу:

 30Хайуандар арасындағы батыры — арыстан,

Еш нәрседен қаймығып шегінбес жолынан.

 31Ерттелген түлпар* не қой бастар серке,

Әскерін жинап аттанған патша.

 

 32Егер асқақтанып ақымақ болсаң,

Не басқаға жамандық ойлап тұрсаң,

Ұялып жап аузыңды қолыңменен,

 33Себебі қаймақты былғасаң май алғандай,

Мұрнын бұзсаң біреудің қан шыққандай,

Ашу қоздырсаң жанжал туар осылай.


*1 Немесе: Мынау Масалық Жәке ұлы Ағұр есімді адамның айтқан сөздері: Уа, Құдай, тырыстым, о, Құдай, тырысып едім, ал қатты шаршадым.

*3 Немесе: Қасиетті адамдарды.

*15 Яки: екі сорғышы.

*26 Таяу шығыстың түрлі өлкелерінде өмір сүретін қорқақ, үлпек жүнді кішкентай аң.

*31 Немесе: Қоқиланған қораз.

 

 

 

 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында 
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан 

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ