uybet01 jumys otbasy otbasylink dostar ruhomir omirmysal
jumislink   omirmysallink
  dostarlink
 
 
 
 
 
senemfylym
suleymen
angyme
 
 
bizbay6 ch6
РУХАНИ ӨМІР
 

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

 

 1Лемуел патшаның сөздері, шешесінің оған айтқан нақылдары:

 

 2Уа, балам менің, құрсағымнан шыққан ұлым менің,

Уәде беріп,* Құдайдан сұрап алған балам менің!

 3Ысырап қылма әйелдерге күшіңді,

Шашыратпа оларға қуатыңды,

Тағынан тайдырды олар талай патшаларды.

 

 4Уа, Лемуел,

Патшаларға шарап ішу жарамас,

Әміршілерге ішімдік* аңсау жараспас.

 5Ал ішетін болса, заң ережесін ұмытар,

Қаналғандардың құқығын теріске бұрмалар.

 6Өлімшіге ішімдік берілер,

Қиналғанға шарап берілер,

 7Ішіп алып, мүшкіл халін ұмытсын,

Қайғы-қасіретін енді еске алмасын.

 

 8Ал сен, өзі үшін үндей алмайтындардың

Сөзін сөйлеп, ісін қорға байғұстардың.

 9Анық сөйлеп, әділ үкім шығаршы,

Жарлы мен мұқтаждың мүддесін қорғашы!

 

ЖАЗБАНЫҢ СОҢЫНДАҒЫ МАҚТАУ ЖЫРЫ

Жақсы әйел — даналықтың үлгісі

 

 10Еңбекқор,* жақсы әйелді кім таба алар?

Ол інжу-маржаннан** да бағалы болар!

 

 11Күйеуі оған толықтай сенім артады,

Ешбір игіліктен ада қалмайды.

 12Өмір бойы оның күйеуіне жасары

Жамандық емес, жақсылық қана болады.

 

 13Әйел жүн мен зығырды таңдап алады,

Қол жұмысын да ынта-жігермен жасайды.

 14Жер шарлаған саудагер кемесі секілді

Алыстан азық-түлігін әкеледі.

 15Төсегінен тұрып таң атпай ерте,

Тамағын үлестіріп үй ішіне,

Тапсырады жұмысын қызметшілеріне.

 

 16Жер танабын қарап, ойланып, сатып алады,

Еңбегінің түсімінен жүзім отырғызады,

 17Белін бекем буып, қайратпен іс қылады.

 18Ұғады ол ісінің өнімді боларын,

Көпке дейін түнде сөндірмейді шырағын.

 19Саусағымен созғылап қолындағы жүнін,

Дем алмастан иіреді ұршығын.

 

 20Қолы жомарт әрдайым жарлыларға,

Құшағы ашық бейшара мұқтаждарға.

 21Қар жауып, үй ішім тоңар деп қамықпайды,

Бәрі де қос-қостан киімдерін* киеді.

 22Әсемдеп тоқиды төсек жабынын,

Бәтес,* қызыл жүннен тігеді киімін.

 23Күйеуінің атағы кең жайылады,

Елдің ақсақалдарымен кеңес құрады.

 

 24Бәтестен әйел жапқыш тігіп, сатады,

Белбеумен де саудагерді қамтиды.

 25Осылай ол бөленеді күш пен салтанатқа,

Шаттықпен қарайды жарқын болашаққа.

 26Аузынан шыққан сөзі — нағыз даналық,

Берген тәлімі — мейірімді жақсылық.

 27Үй шаруасын мұқият бақылайды,

Нанын бекер жеп, еш масыл болмайды.

 

 28Балалары тұрып, оны дәріптейді,

Күйеуі де былай деп құрметтейді:

 29«Көп әйел заты еңбекқор, жақсы екен,

Бірақ бәрінен де асып түстің сен!»

 30Әсемдік өткінші, алдамшы сұлулық та,

Тәңірді қастерлейтін әйел лайық мадаққа.

 31Беріңдер оған еңбегінің зейнетін,

Істері үшін ол жұрт алдында дәріптелсін!


*2 Патша. 1-ж. 1:11.

*4 Немесе: сыраны.

*10 Түпнұсқада осыдан былайғы аяттардың алғашқы әріптері әліппенің ретімен берілген.

**10 Яки: асыл тастардан.

*21 Немесе: қызыл жүн киімдерін.

*22 Яки: Құнды ақ кенеп.

 

 

 

1 Жазбаның мақсаты — даналыққа үйрету

2 Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы

3 Тәлім алып, Тәңірге мойынсұнудың зор пайдасы

4 Даналық пен әділдікті ұстануға арналған әке өсиеті

5 Неке адалдығына шақыру

6 Аңғырттық пен жалқаулықтан сақтандыру

7 Даналықтың жүгенсіздіктен сақтауы

8 Даналықтың уәде еткен сый-тартулары

9 Даналықтың "тойға" шақыруы

10. Әділ жанның дана сөзі мен ісі жайлы

11. Адалдық пен ізгілікті Жаратқан Ие ұнатар

12. Жақсы тәрбие алған бақытты

13.  Данамен жолдас болған дана болар

14. Ақылдылық және аңғалдық

15. Ізгі сөз бен іс берекелі

16. Әділдік пен ынтымақты Жаратқан Ие жақтырар

17. Ақылды жан даналықты назарында ұстар

 

18. Адал дос — құн жетпес қазына

19.  Өсиетті сақтаған өмірін сақтар

20. Адалдық пен даналық

21. Патшаның жүрегі Жаратқан­ның қолында 
22. Ізгі атағың бағалы зор байлықтан 

23. Балам, жүрегіңді Маған бағышта

24. ЕЖЕЛГІ ДАНАЛАРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

25.  СҮЛЕЙМЕН ПАТШАНЫҢ ТАҒЫ БІР НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

26.  Ақымаққа қадір жараспас

27. Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

28. Ел заңнан безсе басшылары көп болар

29.

30. ЖӘКЕ ҰЛЫ АҒҰРДЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ

31. ЛЕМУЕЛ ПАТШАНЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕР ЖИНАҒЫ